АТЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Блог - a87771683232: АТЫ ЖОҚ ӨЛЕҢ 9

Жинап ап бар күшті бойға нық,
Жиналып достары атаулы.
Ғажап қып туған күн тойладық,
«Ғажап» жай кафенің атауы.

Жолдастың жолдасы жолдас деп,
Танысып жатырдық есілі.
Шын досты көрдім мен алғаш рет,
«Шындос» жай бір жігіт есімі.

Үстелдің басында қызалаң,
Отырдық бар құрдас қатары.
Мың доллар сыйладық біз оған,
«Мың доллар» — кітапша атауы.

Бәріне нан-тұздан асатты,
Ерекше студент несібі.
Бір әсем үстелді жасапты,
«Әсем» жай офицант есімі.

Жанарым жалмаңдап жанып тым,
Отырған қыздарға батады.
Райханға ғашық боп қалыппын,
«Райхан» жай арақтың атауы.

Әңгіме айтылды мол тола,
Күлкінің ашылды есігі.
Колянды ап алдық ортаға,
«Колян» жай досының есімі.

Иреніп сөздегі ирегім,
Көп айттым тост пенен батаны.
Түн бойы тоқтамай биледім,
«Түн» деген бір әннің атауы.

Айқай-шу, шаттықты қоймадық,
Жүгіріп жүрумен ерсілі.
«Күзетші» ойынын ойнадық,
«Күзтші» — шын күзет есімі.

Қыздар да бізбен ән салысты,
Қиынға соқпаған матауы.
Ерніме Баян кеп жабысты,
«Баян» жәй кәмпиттің атауы.

Қысқасы, қызықсыз өтті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше