Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

Жақында ғана елімізде өткен іріктеуден халық пен қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, жеңіске жеткен Жанар Доғалова Қазан қаласына аттанды.

Татарстанның Қазан қаласында өтетін Turkvizyon 2014 байқауында 25 елден келген әншілер бақ сынайды. Кеше ғана ашылу салтанаты өткен бұл бақаудың жартылай финалын Жанар Доғалова ашты.
Жанар өзіміздегі іріктеуде орындаған Ізін көрем әнін дүбірлі додада орындады.

Қазандағы байқауға Жанарды қолдаушы командамен бірге Қазақстан телеарнасының тілшісі Еркін Шәкір де бірге аттанды. Еркін арнайы көрермендер үшін видеолар ұсынуда

Жанар 21 қараша күні гранд-финалға шығады. Жеңіске жетсін деп тілейік! Еліміздің көк байрағы Қазанда желбірегенін тілейік!

Блог - kaztube: Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

21 қараша күні сағат 22:00 Хабар арнасынан Turkvizyon байқауындағы Жанардың өнерін тамашалап, қолдау көрсетейік!
Бөлісу:

29 пікір

kaztube
Жанар жеңіспен келеді деп сенеміз!
ken
Байқау қай тілде жүргізіледі?
Beytanis
Türkıye türkçesı
ken
Қазандағысын да түріктер жүргізеді ме екен?
Beytanis
Түріктердің бастамасымен өтіп жатыр ғой, бірақ толық кепілдеме бере алмаймын.
ken
Түріктілдес халықтардың байқауы орыс тілінде жүргізіліп жатса қызық болатын шығар.
Beytanis
Түрікше білетін татарлар жүргізетін шығар, тілдері ұқсас қой.
asaubota
tRUSvizyon болып кетті
ken
Орысша жүргізілді ма? Уахахахахаха…
ademi_alem
Алақаааааай!!! Жанар жеңді!!! Баршаңызды құттықтаймын!!!
qonyrbai
Кәсіпкерлікке жазбадың ба? :)
ademi_alem
Жаздым сұхбат алдым), енді фотоға түсіру қалды. Баратын жер ұзақтау болған соң бара алмай жүрмін. (( Сіз әдеттегідей жексенбі күні түнгі он екіге қарай орналастырасыз ба?)))))
qonyrbai
Иә, себебі мен Блогиаданың головкиндерін көзбен көрген адаммын ғо. :) Сен де ерте жарияласаң, түнгі он екіге дейін өңдеуіңе уақытың бар ғо, иә?
ademi_alem
Жазба орналастырған соң қайта өңдегім келмейді. Басты себеп — уақыттың жоқтығы. Бөбегімнен артылған уақытты ғана арнай алып жүрмін әзірше.
qonyrbai
Сонда да ризамын саған. :) Уақыт тауып, жазып жүрсің. Басқалары бірінші раундтан-ақ нокаутта ұйықтап жатыр.
ademi_alem
Бастаған соң соңына дейін жеткізгім келеді әрине. Қызық қой! Айтпақшы Сізден үйренерім көп екен фотосуреттерге қатысты. Ана фотоларды қалай орналастырасыз әдемі етіп? Мен ондайды білмеймін. үйренгім келеді.
qonyrbai
Мен оны ағамнан үйренгем. :) Pixlr.com сайты бар. Сонда коллаж жасау ыңғайлы. Fotor.com деген де бар. Ал суреттердің орналасуы өзіңнің фантазияңа, топтастыруыңа байланысты. :)
ademi_alem
Рахмет! Кейін уақыт болғанда міндетті түрде үйренуім керек екен. Тағы да жанардың жеңісімен құттықтаймын! Мен әлі толқып отырмын қуанып.
qonyrbai
pixlr.com — сияқты сервистерді қолданып үйрен, өзіңе ұнайтын сурет көлемін белгілеп ал. Түсіріп алған суреттің барлығын гүмпілдетіп свалка қылып жазбаға тығу мақсат емес, ішінен тәуірлеу шыққандарын және айтпағыңды дәл жеткізетіндерін ғана сал. Болды, мен қолданатын басқа ешқандай «а-ля код да винчисымақ» құйпия жоқ.
деген кеңеске жүгінгем. :)
merekeee
Келесі жылы Түркіменстанда өтеді деп жатыр, Еуровижн сияқты кім жеңсе, соның елінде болмай ма? )
Жеңіс құтты болсын! Жанар жарады!
ken
Еуровижн сияқты кім жеңсе, соның елінде болмай ма?
Болмайды. Онда жыл сайын бірінші орынды алдын ұтпаған елге беріп отыру керек болады. Қатысып жатқан елдер көп те емес қой.
Beytanis
Жанардың макияжсыз түрі көбірек ұнайды.
VKM
Жанар «Махаббатым жүрегімде» сериалындағы Аидаға ұқсайды екен.
ademi_alem
Сол ғой өтірік айтпасам.
VKM
ұқсайды, ол емес,әйтпесе баяғыда жазар еді.Визажистері бір адам сияқты, бәрін бірдей қылып бояйды)))
AKY
Cол ғой, Жанар Дұғалова. Баянның сериалында ол ойнамағанда кім ойнасын)))
VKM
Баян Есентаеваның жетекшілігімен түсіріліп жатқан “Махаббатым жүрегімде” атты жаңа телехикаясынан бірер кадр. Дәл осы фильмде басты рөлдерді: Жанар Дугалова, Гүлназ Жоланова, Тәуекел Мүсілім сомдады.© инеттен таптым
ееееееее, мен басқа ма десем.ГИТИС бітіріпті ғой