Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

  • Автор
Біз өмір сүріп жатқан әлемді жаратқан Құдайдың разылығы үшін жасалған әрбір жақсы іс садақа болып табылады

Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық
Садақа ретінде берілген көмек адамды апаттардан, бәлелерден қорғап, дүниеде сау-саламатты өмір сүруге себеп болады. Осылайша жәрдем еткен адам дүниеде де, ақыретте де үлкен нығметтерге қауышады.

Бүгінгі жазбамда Әлемдік негізгі діндердегі садақаның роліне тоқталсам деймін.

ИСЛАМ ДІНІ

«Қолы ұзын адам»
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде:

Аллаһ Расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз жарларына: «Маған алдымен қолы ұзын болғаның қауышасың», – деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз. Аллаһ Елшісінің «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні меңзегендігін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп аласа бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа беретін».
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық
Ислам дінінде мұсылманның бауырына жасаған барлық игі істері, жақсылықтары, қамқорлығы садақа болып саналады және одан ол сауап алады.
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

ХРИСТИАН ДІНІ

«Авель мен Каиннің садақасы»
Еңбектің оннан бір бөлігі Құдайдікі — Малахия 3:8-9
Авель қойшы болатын. Ол садақаға өзінің жақсы деген қойларын берді. Құдай оны қабыл алып, оның малының саны көбейе түсті.
Ал Каин диханшы еді. Ол Құдайға өзінің еңбегінің оннан бір бөлігін садақаға берді. Бірақ Құдай оны қабыл алмады. Садақасы қабыл болмаған Каинның жүрегін мұң басып, арты өлімге душар етті. Құдай оның садақасын қабыл алмауының себебі оның не алып келгендігін де емес еді. Ол еңбегінің оннан бір бөлігін шын жүрегімен беруі тиіс болатын. Каин болса садақаны өз еңбегінін ең соңында қалған, ештеңкеге жарамсыз, жартылай кеуіп қалған дақылынан берген еді.
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

БУДДА ДІНІ

«Қайтарым»
Бір ауылда Будданың өмір сүру салтын ұнатпайтын адам тұрыпты. Ол оны жалқау, жанына жастарды жинап алып бостан босқа уақыт өткізетін адам ретінде санайды екен. Оны білген Будда шәкірттерін жинап алып, сол адамның үйіне садақа сұрап барыпты.
— Бхавати! Бхикшам дехи! (Құдай жарылқаған! Маған садақа берші!)
Оны байқаған ол кісі:
— Бұл жерден кет! Мұнда саған бір тиын да берілмейді, — деп түрлі балағат сөздер айтып, оны мазақтап айқайлапты.
Будда оның ол сөздеріне ренжімек түгілі күлімдеп қана қойыпты. Сонда ол адам ашуын басқаннан кейін сабасына түсіп Буддаға барып:
— Әкей! Мен бір істі түсінбей тұрмын. Түсіндіріп бересіз бе?
— Айта ғой.
— Мен жаңа сізді түрлі жаман сөздермен балағаттадым. Бірақ сіз үндемей, тек қана күлімдеп қойдыңыз. Неге менің сөздерім сізге тимеді?
— Ойлап көрші, сен маған тамақ алып келіп бердің. Бірақ мен оны жеуден бас тарттым. Ол тамақты сен не істейсің?
— Мен оны қайтадан алып кетемін.
— Сен бағана маған тамақтың орнына жаман сөздер бердің. Мен оны алудан бас тарттым. Енді оларға не болады?.. Олар сенің өзіңе қайтып барады. Менің оған еш қатысым жоқ, — деп жауап берген екен.
Блог - rakisheva: Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

P.S. Суреттегі жазбаларды оқу үшін үстінен басу қажет.

Ұқсас посттар

12 пікір

bake
Күмәнді жолмен табылған табыстан мешітке 1 млн. тенге көмек көрсетілуге шешім қабылдаса, мешіт оны қабылдауы мүмкін бе?
MamaAya
Керемет пост! Түсінікті, оқулық оқығандай әсер алдым. Алға!
bake
Суреттер ішіндегі жазуды оқыған қиындау. Көзім минус бес. Қараймын, көзім талып кетеді.
rakisheva
Суретті екі рет бассаңыз шрифты 5 есе үлкейеді. Жазалып тұр ғой «Жазбаларды оқу үшін үстінен басу керек» деппп
bake
Көз талмасы мұқият оқығанға кедергі жасайды, бірақ суреттер үстінен екі рет шертіп немесе басқа бетке ашқанға түйсігім жетті… бірақ:
Тіркелутіркелуді сұрайды.
Соңғы түзету:
bake
+десем, дауыс беріп қойыппын
Gastarbaiter
Иудаизм садақасы —«Джеддақа» деген де бар.
qonyrbai
Сілтемесі дұрыс емес сияқты. Мен комппен кіріп отыр едім. Үстінен бассам, осы бетке лақтырып отыр.
patick
Тақырыпқа сай әнек.
Бір бизнесмен келіп молдадан сұрапты:
— Мешітке миллион доллар садақа берсем жұмаққа барам ба?
Сонда молда біраз ойланып тұрып:
— Нақты айта алмаймын, бірақ көрейік, — деген екен.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.