ЕССІЗДЕР ЕСІРІП БАРАДЫ

  • Автор
Жерұйықты іздеп, желмаяны желпіндіріп жүрген кезімізде талай нәрсені естіп, көріп жүрміз.Блог - AsanQaigy: ЕССІЗДЕР ЕСІРІП БАРАДЫ

Жәәә, қалжыңды қояп қаттыға көшелік. Қатты дегеніміз қоғамда бүйірні шыққан мәселені айтпақ ойымыз. Соңғы кездері «пәлен жерде… ана жерде… қыз зорланыпты» – деген хабардан көз ашпайтын болдық. Неге? Шыны керек бала кезімізде таңның атқанынан кештің батқанына дейін далада емін-еркін ойнап, шапқылап жүре беретінбіз. Ал, қазір бала түгіл, ересектер үшін де қорқынышты. Тіптен, ақшамда қоқысты да өзің тастап, дүкенге де өзің жүгіресің. Үрей ғой, оның да тууы бекер емес. Соңғы бір аптаның ішінде Жетісуда (Алматы облысы) айналдырған жеті күн ішінде барша жұрттың жағасынан ұстатқан үш оқиға тіркелді.

Шпаналардан шатақ шықты
Блог - AsanQaigy: ЕССІЗДЕР ЕСІРІП БАРАДЫ
«Отморозки» деген орыс сөзін қазақшалап түсінерсіз ағайын. Жүгерісімен әйгілі Панфилов ауданындағы 95-94 жылғы балалардың қылығын осылай деп атаудан басқа сөз таппадым. Сөз демекші, мұндайда тіл тұтылып, тек «тарс» етіп атып тастау керек деген ғана ой келеді. Қару туралы оқиғамызды кейінге қалдыралық. Алдымен Панфиловтағы оқиғаны аяқталық. Күнді аман-есен батырып, ұйқыға дайындалған Көктау ауылының үлгілі отбасыларының біріне түннің бір уағында есік-терезені қағып, тар үйге енгезердей 5 бала бірден кіреді. Араққа тойып алған «топастар» үй иесін екі жерден пышақтап, қансырап жатқанына қарамастан, көзінше әйелін зорлаған(!!!). Қылмыстың қатыгездігі соншама, пышақталған еркекпен қатар, әйелге де медициналық көмек қажет болған. Айуандардың айласы ұзаққа созылмады. Қазір, иттердің төртеуі қамауда, қалған біреуі қашып үлгерген. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Іледегі пәле
Блог - AsanQaigy: ЕССІЗДЕР ЕСІРІП БАРАДЫ
Іле ауданындағы Междуреченск ауылының азаматшасы, 14 жасар қызын белгісіз біреу зорлады деп, ішкістер органдарына дабыл қаққан. Арыз бойынша тиісті шараны қолға алған сақшылар, әлгі қызбен де тілдескен. Құқық қорғаушылар қорған болар десе керек, қыз іштегіні бүркемей, барлық шындықты айтқан. Полиция қызметкерлеріне болған жайды баяндаған қыз бір жыл бойы өгей әкесі зорлап келгендігін айтқан. Ауыр қылмыстың беті ашылғанына қуанудың орнына анасы, «сожителіне» араша түсіп, құзырлы орган қызметкерлерінің жағасынан алып, шу шығаруда.

«Врашиловский стрелок»
Блог - AsanQaigy: ЕССІЗДЕР ЕСІРІП БАРАДЫ
Уәде еткендей, атысқа да келіп жеттік. Еңбекшіқазақ ауданындағы Қырбалтабай ауылының 57 жасар тұрғыны түнгі кезекшіліктен қайтып, таңертең үйіне келіп, бөтен үш адамға 12 калиьрлі мылтығымен оқ атқан. Үй иесінен қашқандардың екеуі жараланып, ауруханаға түскен. Үшіншісі, қару кезенген азаматтан қышып үлгерген. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлеріне берген жауабында, егде жастағы азамат, үйге келгенінде бейтеныс үш баланың жүргенін айтқан. Оның үстіне бөлмеге кіре бергенде үшеудің біреу қызын зорлап жатқанын көрген. Осыдан ашуға буырқынған әке қолына қару алып, оларды ата жөнелген. ІІД тергеу жұмысын жалғасытруда.

Педофилдер қаптап кетті бүгінде, мына менің кең байтақ жерімде!
AsanQaigy

...

    Ұқсас посттар

    2 пікір

    bake
    ондай біздің кішкене қалада да бар. Айтуға болмайды. Ауыз бекілулі. Жүзінің біреуі білінеді
    Sashok
    Мынау қатып кетер ед мыналарға.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.