Өтелмеген парыз

Блог - Kipshakkyzy: Өтелмеген парыз
Өткенде осындағы Гүлнәр деген қазақ әпкеміз қыздардың басын үйіне қосып бастаңғы жасаған болатын. Шақырылған қонақтың ішінде түрік абла бар. Жанына егде тартқан қарт әжейді де ерте келіпті. Әңгіме арасында білгенімдей, қарт әжені балалары тастап кеткен. Жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады. Немере, шөберелері де бар. Бірақ, ешқайсысы ат ізін салмайды екен. Жасы сексен жетіден асса да әлі тың, бақуатты. Құдай қуат берсін. Жағдайын білген соң, қыздар болып бір күні үйіне барып тазалық жасап, азық-түлік апарып көмек беріп қайтайық деген болатынбыз.
Бүгін сол Гүлнәр әпкеміздің ұйытқы болуымен әжейдің үйіне барып, құрбан айт мерекесімен құттықтап, дастархан әзірлеп дәмді тағам дайындап, әжейдің көңілін аулап қайттық. Үйінде барғанда бір ер кісі жүр екен. Сұрағанымызда, ұлы екенін айтты. Бұгін әйелімен ренжісіп қалған соң, таңғы асын анасынан ішейін деп келіпті. Дайындап беретін өзінің балалары ше дегенімізде, балалары ұйықтап жатқан көрінеді.
Құдайдың көзі түзу болса, туған шешесіне қарайласпаған адам, ертең балаларынан қайыр күтеді деп ойламаймын. Біз апарған тағамнан баласына да бөлек салып беріп, нанның жұмсағын, шәйдің ыстығын беріп сонда да, байғұс ана елпелектеп баласына құрақ ұшып жүр. Ананың көңілі балада, баланың көңілі…
Kipshakkyzy

Өмірді сүйетін жан

    Ұқсас посттар

    7 пікір

    bake
    Балаларын жеткізгенде қателік жіберген шығар. Қазіргі ата-аналар ақыл -кеңес бергенге қорғанады. Ақыл бізді билейді дегенде кейбір жағдайда билемей кете береді. Баның көңілі далада болатыны сол ғой. Сіз мына жазбаны жазғанда бір емес мүмкін бірнеше рет «осылай болмау үшін не істеу керек» -деп ойланып көрген шығарсыз. Қандай ойға келдіңіз?
    bake
    Баланың көңілі далада
    bizbike
    Қазір ондай жағдайлар көп. Қайта әжейдің өзі тұрып-жүруге жарап тұрғанына шүкір. Қатынның сөзіне еріп, әке-шешесін тастап кеткен баланы қарғыс атсын!
    bake
    «Ақ» десе "қара" деп шыққанды жек көремін. Елге жағайын деген емеспін. Жаққым да келмейді. Тек басқан ізімді "қарғап жүрген" балам бар десем қайтесің? Бала тілеуден қорқатын болдым. Қазір қасымда әйел тұрып жатыр. Таңқалғаным қалайша туған екі баласын тастап қасыма келді деп. Оны болсам әйел көрмеймін. Оған бәрібір өзін көндіріп тұрып жатыр. Қазір меннен естігеніне көнеді, кетсе өкінбеймін. Ұнатпайтыным "қалайша екі баласын өгей атандырып қойюға өзін көндірген екен?". Күйеуінен «жастығынан» ажырасқан көрінеді. Менің де бірінші әйелім «жастық» қателігі деп бес жыл өткен соң мойындап отыр. Білемін оның «бер жағы» айтып отырғанын. Әлі ертерек, уақыт аз өтті. Қазіргі екінші әйелдің бірінші күйеуі басқа әйелмен балалы шағалы жақсы тұрады. Осындай қуырдақты қаламап едім. Дәл ортасында жүрмін. Жазбадағы апаның күні мені де күтіп тұр десе таңқалмаймын.
    Соңғы түзету:
    bizbike
    түк түсінсем, бұйырмасын
    bake
    1)
    басқан ізімді "қарғап жүрген" балам бар
    Бірінші некеде болған әйелден ажырастым. Оның қолында бастауыш сыныпта оқитын бала қалды. Балама менің көзімше «папа твой нас не обеспечивает, он плохой» деп жүретін. Қазір балама не айтып жатқанын білу қиын емес. Телефон соқтырады, ар жағынан «папа почему нам денги не несешь» дегезіп отырады. Қазір телефон соқса алмайтын болдым. Алименттен қарызым жоқ. Әкелік «көңілден» қарызым бар шығар. Ондай қарызды өтей алмаймын.
    2)
    қалайша туған екі баласын тастап қасыма келді
    Қазір екінші рет "үйлендім". Қазір тұрып жатқан әйелдің екі баласы бар. 13-14 жастағы ұл балалар. Мен оның орнында болсам екі ұлды өсіріп соларға тіреніп отырушы едім. Ұлдары болса өз әкелерінің туыстарымен жақсы араласады.
    3) Бірінші ажырасып кеткен әйелімде, қазіргі әйелімде бірінші күйеулерінен ажырасқандарын «жастық шақ» деп түсіндіреді. Алғашқы күйеулері жаман болса қалайша басқа әйелмен балалы-шағалы болып жақсы тұрады?
    4) Қазіргі әйелімді сүймеймін. Тұра және жалпы мағынада. Оны ол біледі. Менімен тұру үшін бәріне көнеді. Өзі сүйіп шыққан, өзін сүйген күйеуіне маған істеген «жақсылығын» көрсетсе онымен «жақсы жұп, үй болатына» күмәнім жоқ.
    5) Неге біз бірге тұрамыз? «Бірге тұрамын» деп босағада отырып алды. Себебі оған бал ашыпты. Онда маған ұқсас адамды сипаттапты. Балгер: " сол ер адаммен тұрсаң әйел бақытына жетесің" депті. Сөйтіп «бақытына» жеткізгенімді күтіп жүр.
    bizbike
    Келіншек болғанымен, олай деуге тілім бармайды, маған жай ғана ...... .
    Кезінде жақсы мағынада түсініп едім. Дегенмен әйелдің өзін сүймейтін адаммен, ал еркектің өзі сүймейтін адаммен тұра алатынына күмәнім бар. Сіз онымен тұрып жатыр екенсіз, яғни оны ең болмаса сыйлайсыз.
    Соңғы түзету:
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.