Әуезов театры туралы

  • Автор
Театрсүйер көрермен болмасам да, өзіміздің Ақтаудың, сосын Астананың театрларына 2-3 рет барған едім. Театр туралы ойым мынадай: фальш көп, драмасы да, комедиясы да «түймені түйедей етіп көрсету» сезімін тудырады, бір сөзбен қабылдай алмадым. Бірақ кінәні сол жергілікті театрлардан көретінмін, менің ойымша "әкемтеатр" деп аталатын, кезінде Одақтың үздігі болған Алматыдағы Әуезов атындағы қазақ драма театры басқаша, сонда ғана нағыз спектакль көре алам деп шешкен болатынмын.
Көңілім қалды менің. Сөйтсем мұндағы спекакльдер де, мұндағы пьесаны жұртшылыққа көрсету әдісі де, актерлар да, фальш та бәрі бәрі бірдей болып шықты. Мен барған пьеса, ұмытпасам «Бес бойдаққа бір той» деп аталатын.
Сәтсіз пьесаға бардым, келесінде «Абай» болып жатса, соған барамын деп шештім.
Бірақ қайдам, ілінген жарнамаларындағы спектальдердің атаулары мен суреттері бәрібір келешекте көңілім қалатынын сездіртті.
Nodar

Ayrton Senna

    Ұқсас посттар

    4 пікір

    ken
    фальш көп, драмасы да, комедиясы да «түймені түйедей етіп көрсету» сезімін тудырады

    даусын қатты шығарып сөйлегеннен іс-қимылдары да дауыстарының жоғарылығына сәйкестеніп кететін шығар. ал егер қатты сөйлемесе, олардың даусы тек алдыңғы қатарда отырған көрермендерге ғана естіліп, арттағылары естімей қалады))
    Nodar
    «Я и Орсон Уэльс» атты фильмді көріп көрші. Театр, спектакль туралы көп көрсетіледі. Вооот ондағы ойын фальш емес, дауыс та қатты. Немесе Кевин Спейси бар ғо (!!!) соның театрдағы ойындары фальш емес, тоже дауыстары қатты шығады.
    ken
    ол енді фильмдегі театр ғой))
    toha9566
    фильмдегі театр міндетті турде жасанды болатын шығар
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.