ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ШОҚАН УАЛИХАНОВ КІТАПХАНАСЫНДА ПОЛИГЛОТТАР КУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен. «Полиглоттар клубының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың 5 қазан күні
Ш.Уалиханов атындағы кітапхана мәжіліс залында «Полиглоттар» клубының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты «Полиглоттар» клубының жұмысын ұйымдастыру, көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарға қолдау көрсету, шет тілдерді еркін меңгерген жастарды анықтау, олардың тілдік қабілеттерін шыңдау, көп тілді орта қалыптастыру.
«Полиглоттар» клубыныі жаңа маусымының ашылу салтанатында Тараз қаласы оқу орындарынында оқитын полиглот жастар мен клуб мүшелері қатысты. Жаңа маусымның ашылу салтанаты тұсауын кесіп алғаш өзінің жылы лебіздерін Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы білдірсе, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы құттықтап «Полиглоттар» клубының жұмысына сәттілік тіледі. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті студенті, Полиглоттар клубы президенті Қнуарбеков Абылқайыр Асылбекұлы, клуб мақсатын, міндетін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырып өтсе,, Жамбыл экономика ақпараттық технологиялар коледжінің ағылшын пәнінің мұғалімі Сабуханова Аружан «Үш тілді меңгерудің маңыздылығы» тақырыбындағы «English debatе» шеберлік сабағын жүргізеді. Жаңа маусымның ашылу салтанатына орай клуб мүшелеріне арнайы төс белгілер табысталды. Іс-шараның қорытындысы бойынша клуб жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс пен пікірлер қарастылып, клуб мүшелерінің естелік суретке түсіп тарқады.
Іс-шараға қатысушылардың жалпы саны 70 адам.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше