Еркекпін мен...

Бұрында бір əзіл əңгіме естуім бар еді. Екі дос өз ара əзілдесіп отырып бірі екіншісіне сұрақ қойыпты. Осы өмірде адамның қанша түрі бар, адам қаншаға бөлінеді деп. Сонда досы: адал адам, арам адам, ақылды адам, ақымақ адам, жақсы адам, жаман адам деп тізе бергенде досы сөзін бөліп. Жоға ер адам жəне əйел адам деп екіге ғана бөлінеді деген екен. Қазіргі таңда мен төртке бөлетін едім немесе тек біреуі ғана қалды дер едім. Төртке бөлінеді деу себебім қазір қатын сынды еркектер мен, еркекшора қыздар қосылды дегенім, біреуі ғана қалды дегенім бұрындары да ер мінезді қыздар болған ал қызтеке ұлдар немесе қатын сияқты ұлдар деген болмаған сондықтан тек əйел деген нұсқасы ғана қалды дегенім еді.
Кей жігіттеріміздің бұл сөзім намысына тиері анық дегенмен сіздің бір түкпіріңіздегі намысыңызды ояту маған өте үлкен қуаныш, қазіргі заман тілімен айтқанда челендж секілді сізде осы нəрсені жалғаңыз басқа жігіттердің намысын оятыңыз.
Қазіргі таңда қай əлеуметтік желіні ашпа, қай вайнердің вайндарын қарама, қай əзілді көрме бəрі қыздан қорқу, қыздың айтқанынан шыға алмау, əйелінің айтқанынан шықпайтын еркек, сұранып жүретін азамат туралы. Одан зорғысы қыздың киімін киіп түсу, орамал тағу, тіпті қыз баланың жеке заттарын да қолдану, кию өршіп тұр. Кімнің кінəсі, ойына не келсе соны түсіріп жүрген ең аз дегенде 200 мың оқырманы бар вайнерлер ма əлде соларды бетімен жіберген, қадағаламаған заң ба? Жоқ əлде айналдырып əкеліп тағы өз санасына берсін деген дүниеге тірейміз бе?
Айтсаң мода дейді.
Арзан сөз күлмекке жақсы деп, сол басы төбеден төменге құлдилап бара жатқан еркектеріміздің үстінен күлеміз тағы.
Бірақ өздерін ақтауы жақсы біз қоғамдағы проблеманы көрсетіп жатырмыз дейді-мыс. Жақсы қоғам сондай болсын, ез еркек көп болсын бірақ оны жарнамалағаннан не ұттың керсінше вайндарыңмен ой таста. Нағыз еркек қандай болуы керек екенін көрсет. Насихат жасау деген дүние болатындығында. Қашаннан бері біздің актуалды проблемамыз құдай өзі сақтасын адам ішінен шығатын жел мен қатынынан қорқатын еркек болған. Түсінбеймін. Санамыз қандай, сондай нəрселерді көреміз жасаймыз. Демек сол «атақтылардың» сана сезімі сол дүние айналасында ғана болып тұрғаны ма? Арзан атақ пұлмен тең деген осы екен-ау!

Гүлбаршын Нұрғали
Тұран университеті
3 курс
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше