"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2-айналым, 2017 жылғы 17 маусымдағы эфирінде қойылған сұрақтар

Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» танымдық-интеллектуал ойынының 11-шығарылымына «Әйел бақыты» командасы қатысып, 2-айналымды жалғастырды. Есеп 4:7.
Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 2-айналым, 2017 жылғы 17 маусымдағы эфирінде қойылған сұрақтар
1. Үндістандағы Амбер қамалынында бір майшаммен жарықтанатын мың АЛЬФА сарайы бар. Фаина Раневская бірде 5 шыбын өлтіргенін айтқанда, «Оның екеуі – аталық, сыра бөтелкесіне қоныпты, ал үшеуі – аналық шыбын, себебі АЛЬФАда отырды» дейді. АЛЬФАны атаңыз.

2. Кәріс күнтізбесінде сосо айы (7-22 шілде аралығы) — кіші ыстық деген мағынаны білдіреді, тэсо айы 23 шілде мен 6 тамыз аралығы — үлкен ыстық деп аталады. Ал 23 тамыз бен 7 қыркүйек аралығындағы Чхосо айы қандай мағынаны білдіреді?

3. Бір мультфильмнің эпизодында бақалар отбасы бәрі тату-тәтті арнайы жиналып, көз алмай Х-тен шіркейдің ұшып шығуын күтеді. Х-тің өзі болмаса да, аналогы бәрімізде бар екенін біле отырып, оны атаңыз.

4. 1994 жылдың 10 желтоқсанында Ицхак Рабин, Шимон Перес, Ясир Арафат Ослода бір жерге келеді. Бұл кездесудің мақсаты не еді?

5. Қазақ жұмбағын шешіңіз:
Алпыс кісі аяқасты,
Ертеменен таяқтасты.

6. Париждегі балауыз мүсіндер музейінде мисс Робертенің алтын жалатылған көйлек киілген мүсіні Билл Клинтон және Мадонналардың жанында тұр. Үлкен бір іс-әрекеттері болмаса да, танымалдық жағынан олардан қалыспайтын Барбара Роберте деген кім?

7. Бұл тұлға туған күнін білмегендіктен, 8 наурыз болып бекітілген. Ол туралы телебағдарламада діни қауым анасымен аналогия келтіріледі.
Монтажшы боп жүрген кезінде, Оның суретін көрген атақты жазушы: «Пұшық қой» дегенде, режиссер Рошаль: «Мұрынды жөндейміз, бастысы, маған оның көздері керек» деп, рөлге шақырған екен. 1996 жылғы фильмде өзін-өзі ойнады, Карловы Варыдағы Халықаралық кинофестивальдің құрмет дипломын, «Шоқжұлдыз» кинофестивалінің үздік егде адам рөлі сыйлығын алады. Оны атаңыз.

8. Бұл шығармада шамамен 3 апталық уақыт аралығында 3 адам өлтіріледі, 2 адам өзін өзі өлтіреді және 1 өлім уайым-қайғыдан болады. Шығарманы атаңыз.

9. Қызық, дегенмен жанр атына қарамастан Деметри Мартин көбіне отырып өнер көрсетеді. Ал ол қандай біршама кең таралған жанрда еңбек етеді?

10. Танымал Монополи ойынының 1997 жылы Эконополи атты жаңа нұсқасы шығады. Оның авторы Брюс Хазерли атты кісі. Бұл ойында да әр шаршының ішінде компания аты, банк аты немесе басқа түрлі мекеме аттары жазылады. Хазерли бұл ойын арқылы сатылымынан бөлек бірнеше миллион доллар табысты қалай тапты?

11. Француздар қай тәтті дәмді «Папаның сақалы» деп атайды?

Ойынның аудиожазбасы — мұнда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше