Рәміздер - халықтың рухы мен айбаты!(видео)

Қызылордада ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы мерекесі тойланды. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторы, белгілі сәулетші Ж.М.Мәлібеков қатысты, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.
Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қ.Көшербаев өз сөзінде «Халықтың рухын, санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген арман-тілегін жеткізетін ерекше белгілер. Мемлекет мәртебесін айқындайтын рәміздер ғайыптан пайда болмай, сан ғасырларды артқа тастап барып қабылданды. Көк тудың астында Қазақстан әлемге танылуда. Бұл — әрбір қазақстандық үшін зор мақтаныш», — деді. Мерекелік шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан Ж.Мәлібеков «25 жыл бойы мемлекеттік рәміздер өз қызметін абыроймен атқарып келеді. Мен бүгінгі жастарды көріп, қатты қуанып тұрмын», деді ерекше тоғаныспен. Салтанатты жиында бірнеше мемлекеттік қызметкерлер ант берді. Сондай-ақ түрлі сала мамандары еңбектегі жетістіктігі мен көрсеткен ерлігі, жеткен жеңісі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше