Жас журналистер додасы Сыр елінде

20 сәуір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Шара оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Б.Ж. Әбдікәрімов сөзімен басталды. Ізінше, университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш аясында дүбірлі додаға республиканың әр түпкіріндегі 13 ЖОО келген топтар таныстырылды. Атап айтатын болсақ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет және т.б. бар.
Командаларды бағалауға журналистика саласының майталмандары жиналды.Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры А.Т. Жүнісов бастаған қазылар алқасының құрамында қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғ. Ә. Тұяқбаев, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Е.А. Байтілес, «Хабар» агенттігі телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Н. Ж. Жақыпбеков, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Б.Ш. Шамшат, Яссауи атындағы Халықаталық қазақ-түрік университеті, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Б.К. Сердәлі, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті З.Н. Ермағанбетова, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті Г.Ш. Әшірбекова бар.
Олимпиаданың биылғы ерекшелігі 9 жылдан кейін бірінші рет олимпиаданы өткізу эстафетасын ұтып алған Қорқыт ата атындағы ҚМУ ұйымдастыруы.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше