Ел тірегі – жастар

Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті жастардың қолында.
2016 жылдың 10-15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында жас ұрпақтың бойына адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру, саяси білімін жандандыру, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагерін өткізді. Лагерьге республиканың 14 облысынан 50-ден аса белсенді студент жастар қатысты.
Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Лагерь барысында білікті мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті арттыру мақсатында пікір алмасулар және мызғымас достық орнатып, жолдастық қатынасын бекем ете түсетін спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар лагерінің ашылу салтанатында əр облыс жастарының басын біріктіріп, достық ортасын қалыптастыру мақсатында 6 топқа бөлді. Топтар «Forever friends», «Boom», «Red Bull», «Жұлдыздар», «Айналайын», «Ұлы дала ұландары» деген атауларды иемденді.
Лагерь аясында командалардың достығын нығайту мақсатында сауықтыру орталығының территориясында селфи ойыны өткізілді. Ойын шарты бойынша командалар жасырылған əріптерді тауып, ортақ селфи жасап, жинақталған əріптерден бір сөз құрауы тиіс. Ойын қорытындысы бойынша командалар жасырылған “отансүйгіштік” сөзі екенін анықтады.
Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыруға, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған командалық волейбол, ұлдар мен қыздар арасында теннис сияқты спорттық ойындар ойнатылды.
Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы. Əрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек. Лагер барысында интелектуалдық шахмат, дойбы ойындары да ойнатылды. Жеңімпаздар командаларына жоғары ұпайлар сыйлады. “Жастар Отанға” жастар лагері білімнің ғана емес, салауатты өмірдің, қыл өтпес татулықтың ордасы болды.
Ұлт тағдыры — ұрпақ қолында. Болашаққа үлкен сеніммен қадам басу үшін өткенмен қуаттанып, жастармен қанаттану керек.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше