Жас ақындар мүшәйрасы өтті

Блог - BirzhanMurat: Жас ақындар мүшәйрасы өтті
Алматы қаласының тұрғындары ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын биыл ерекше атап өтті. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні өткізілген шара өз есігін Елбасының кітаптары мен фотолар көрмесінен басталған болатын.
Блог - BirzhanMurat: Жас ақындар мүшәйрасы өтті
Аталмыш көрме мақсаты — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егеменді, экономикалық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбегін кеңінен ашып көрсету болды. 6 бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 500-ден астам басылым қойылды. Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.
Блог - BirzhanMurat: Жас ақындар мүшәйрасы өтті
Ары қарай жас ақындар арасындағы мүшәйраға жалғасқан бұл шара Алматы қаласының үздік деген 20-дан астам шығармашыл жастарының басын бір сахнаға біріктірді. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшелері әділдігін анықтаған аталмыш мүшәйра барысында жас ақындарымыз ел тәуелсіздігі жөнінде жырларын төкті.
Нәтижесінде 3 үздік орынға лайықты деп байқауға қатысушы келесі ақындарды марапаттады: Қауымбек Қайсар – І-орын, Хаутайқызы Алтыншапақ – ІІ орын және Талап Шерхан – ІІІ-орынды иемденді. Жүлделі орындарға Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы арнайы сыйлықтар тағайындап, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше