Тәуелсіздікке тарту.

Тәуелсіздікке тарту.
Қазақ театр өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы академиялық драма театры өзінің кезекті маусымының шымылдығын ашты. 91-ші маусымның алғашқы премерасы – 1991 жылы тәуелсіздігін алған еліміздің 25 жылдық мерейтойына арналған «Ақтастағы Ахико» қойылымы. Қоюшы-режиссер –Асхат Маемиров.
Мадина Омарованың аталмыш шығармасы театр сахнасында алғаш рет сахналанбақ. «Ақтастағы Ахико» драмасының негізгі желісі – Кеңес үкіметі кезіндегі қуғын-сүргін құрбандарының қилы тағдыры. Зұлмат заманда «халық жауы» деп танылып, жазасыз атылғандар мен елден жыраққа жер аударылғандар қаншама?! Солардың бірі — сонау Жапониядан Қазақстандағы Карлагка жер аударылған бала Ахико.Шығармада Ахиконың тағдыры сөз етіледі. Ахикомен бірге бір лагерьде Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллиннің әкесі Сейфолла Оспанов жазықсыз жазаларын өтеді. Ахметтің соңғы аманатына қиянат жасамаған Ахико босап шығып, тарихи отанына оралғанымен, Қазақстанға кері қайтады. Ендігі өмірін қазақ елінде өткізуді дұрыс деп санайды. Бүгінде сол бала Ахико 85 жасқа келді. Ол әлі күнге дейін өзіне қамқорлық жасап, қиын кезде қолтығынан демеген қазақ халқына ризашылығын білдіреді.
«Ақтастағы Ахико» – театр сахнасындағы алғаш рет көзі тірі қуғын-сүргін құрбанына арналған қойылым. 91-ші маусымның алғашқы премьерасы 22-23 қазан күндері сахналанады.
Жапон жігітінің қазақ даласына деген шексіз махаббаты мен ел алдындағы борышына деген адалдығының куәсі болғыңыз келеме? Ендеше, жаңа маусымда жаңа премьерада жолыққанша!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше