Алматы қаласында жаңа "Жайдарман" лигасы ашылды

Алматы шаһарының мыңжылдық және тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, «Қазақстан КВН Одағы» Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жаңа республикалық Алматы ашық лигасы іске қосылды.

Қыркүйек айының басынан бастап, мемлекетіміздің әр түкіпірінен 50-ге жуық жайдарман топтары онлайн тіркеліп, 22-23 күндері Алматы қаласында бас қосқан еді. Бірнеше күнге созылған іріктеу және редакторлық жұмыс нәтижесінде алғашқы бөлімге 15, ал екіншісіне 18 команда таңдалды.

Екі күнге созылған жоба Алматы қаласы мен республикамыздың ең үздік командалары қатысқан гала-концертпен аяқталды.

Ойынды жүргізген «Қазақстан КВН Одағы Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов, ал редактор Дархан Карипов. Барлық қатысушылар жоғары және кіші топтарға топтастырылып, жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды. Күрделендірілген сайыстарға құрылған жартылай финал қазан айының 7-8 және 17-18 күндеріне жоспарланып отыр.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше