Павлодар облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша "Жаңа дем" бағдарламасы өз бастауын алды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. 2016 жылдың 21 қыркүйек күні Екібастұз қаласының жастары Екібастұз ауданындағы Ә.Марғұлан атындағы ауылында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жоба мақсаты – қала жастарының активімен шалғай ауылдардағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, қала жастары мен ауыл жастарының қатынасуына мүмкіндік жасау және ауыл жастарына мастер-класстар, тренингтер өткізу. Жоба ұйымдастырушысы «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ. Павлодар облысындағы жоба қолдаушысы – «Нұр Отан» ХДП-ның Екібастұз қалалық филиалы.
«Жаңа дем» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған.
Қала жастарынан құралған еңбек жасақтарының мүшелері Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының 25 ауылдық жерлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда 9 ауыл бойынша қажет еткен әлеуметтік қорғалмаған отбасылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер үйлеріне әрлеу жұмыстары атқарылды.
Жоба аясындағы жұмыс келесі түрлерде жүргізіледі:
Үйлердің косметикалық ремонты. Косметикалық жөндеу жұмыстарына үйлерді әктеу, терезелерін, дуалдарын бояу, графикалық суреттермен әрлеу кіреді. Графикалық суреттер жастар ұйымдарының логотиптері стилінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының символикасы салынады.
Үй территорияларын және қараусыз қалған үйлерді тазалау. Жасақ мүшелері қоқыс пен үйлер сынықтарынан тазалайды.
Ауыл тұрғындары мен жастарына мастер-класстар, тренингтер, ағылшын тілі, кәсіпкерлік негіздері, әлеуметтік жобалау, тұлғалық өсу сабақтарын өткізу. Аталған шараларды «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары өткізеді.
1 пікір