Қарағанды облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша "Жаңа дем" бағдарламасы өз бастауын алды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Аталған жоба 20 қыркүйекте Қарағанды облысында бастауын алды. Қарағанды облысының Осакаровск ауданының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ҰДП филиалы және «Раян» жастар қоғамдық ұйымы еріктілері құраған еңбек жасағы Қарағанды облысының 3 аулына аттанды.
«Жаңа дем» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған. Еңбек жасағы Қарағанды облысының Осакаровск ауданының Озерное аулындағы 5 үйге, Пионерское аулында 5 үйге және Осакаровка аулында Қарттар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу жұмыстарына аймақ тазалау, терезеледі бояу, үйлерді әктеу, үй қоршауларын бояу және үй қабырғаларын әрлеу кірді. Үй қабырғалары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының символикасы және жастар ұйымдарының логотиптерімен (Қазақстан жастарының конгресі, «Жас Ұлан», Қазақстан студенттерінің Альянсы) әрленді.
«Жаңа дем» жобасы Қазақстанның 4 облысында өткізіледі, атап өтсек: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы. Қазіргі таңда жоба Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылды.
Жөндеу жүргізілген үйлердің мекен-жайлары келесі бетте көретілген.
Пікір жоқ әзірше