#‎жақсықыз‬‬‬‬ - ағаң #жағаұстатты. #7

Блог - klara_yermagambetova: #‎жақсықыз‬‬‬‬  - ағаң #жағаұстатты. #7
Сәл ашулымын. Түсте құрбыммен тамақтанған едім. Арамыз 4 жыл, яғни ол 26 -да. Әңгімеден әңгіме шығып, тоқетері жігіттерге келіп тірелді. «Сөз салып жүрген бір азамат бар еді, соған тұрмысқа шыға салайын ба?» — дейді құрбым. Бірақ оған деген бір грамм да сезімі жоқ. Мен талай мысал келтірдім. Менің мына ойлар мен фантазиялар қайнап жатқан романтик басымда осындай жағдайда айтатын аргументтер де фактілер де көп, дұрыс бағыт-бағдар берген шығармын деп сенемін. Алайда ол туралы сәл кейін.
Ашуымды туғызған не, міне әңгіме осы жайында. Құрбым бір танымал кісіні аға ретінде жақсы көріп, ерекше құрметтейді. Ол кісіні мен де танимын, мен де сыйлаймын, мен де кездесе қалған сәтте «ағатайлап» тұрамын, бірақ бүгін біртүрлі көңілім қалды…
Сөйтсем, «ағам» кездескен сайын құрбыма (ал кездесіп тұратын іс-шаралар аз емес дегендей) «Бітті, сенің срогың өтті. Енді сен осы қалғаныңмен, қалдың!» деген әңгіме айтады екен. Мен бүгін осыны естіп,‪#‎жағаұстадым‬‬‬‬.
Сенгем серкем сен болсаң… Ел алдында беделі бар (және сіз ойлағандай анау мынау бедел емес), ақылы бар, көрген -білгені бар, адамдар осындай әңгіме айтса, мына біз қайдан оңамыз?!
Жаным-ау, егер ол «Сендей ‪#‎жақсықыз‬‬‬‬ — ды көрмей жүрген жігіт соқыр! Алайда өзің де көп таңдай бермей, теңіңді тапқың. Уақыт тым асығыс. Көңіл, шіркін, қартаймайды, бірақ жылдар өзінікін алмай қоймайды» деп ағалық қамқормен әңгіме айтса, аузы қисайып кетеді ме? Тапап, намысына тиісіп, қорлап, сүйектен өтер сөздер айта отырып, жақсы ишара жасадым деп ойлай ма екен?
Құрбымның мінезінің салмақтығы сондай, ол басын төмен түсірген күйі, қарсы тіл қатпай кете беретіні анық. Сөз көңіліне қатты тисе де, жүрегің ауыртса да, ол іштей тынады. Бірақ «ағамдікі» не әуре деймін де? Дәл осындай сөздерді айтып отырғанда. өзі де қыз асырап отырғанын, өзінде де қарындас бар екендігін неге бір ойламайды. "Әкесі үшін баласы жауап тартады" деген бар емес пе?..
Әй, болдым, толдым деп кердең басып, көкірек керіп сөйлейтіңдер, тілдеріңмен жақындарына жамандық шақырмаңдар! Кімнің тағдыры қалай болады, ол қыз байға шыға ма, әлде мүлдем шықпай қала ма, адами қамқорлықпен, ағалық махаббатпен тіл қатқың! Ертең сен мәпелеп өсіріп отырған бұрымдың сенің сөзіңнің залалынан, бүгінгі сол қыздың ашуынан оң босағада отырып қалмасың, соны ойлаң. Сен кеудеңді «тоқылдатып», әңгіме айтып жатқаныңда көкте бәрін тізіп, бәрін орынды орынмен қойып жатқан бір құдіреттің барын ұмытпағың! Тек сол құдірет қана кімнің «срогы» қашан және қалай келетінін біліп, жеке-жеке бәрімізге осының бәрін сынақ ретінде бергендігін есте сақтай жүргің!

18.03.2016
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше