Париж-Станбул-Брюсель.

Париж-Станбул-Брюсель.
Осы үш қалада әлемді дүрліктірген лаңкестік оқиғалары болып өткені, баршамызға мәлім. Жәбірленушілердің жанұяларына көңіл айтқан xәлде, сол лаңкестік оқиғаларға шолу жасап көрмекпін.
Ол лаңкестік оқиғаларды өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын ұйым өз мойнына алды; бірақ сол лаңкестік оқиғалар Ислам дініне сай келеме? Жоқ, әсте сай келмейді, бәлкім Ислам діні лаңкестік оқиғалардың бәрін қаралайды! Осы орайда, бұл лаңкестіктердің Ислам дініне сай келмейтін саралап көрсем:
1- Ислам діні бейбітшілік діні, оған дәлел: Ислам дініндегі ең киелі кітәп Құран десек, сол Құранның барша сүрелері: «Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен басталады» деп басталғанын көреміз. Және Ислам дінінде көріскен кезде ең бірінші айтылатын сөз бұл: «Ассаламалайкум» яғни: «Сізге Алла т. ның амандығы, сәлемі болсын деген сөз.
Демек дініміз барынша бейбітшілікке үндейтін дін, ал лаңкестердің Ислам атын жамылып жасаған қандайда бір іс әрекеттері жәй дін дұшпандарының істеген жаласы ғана деп түсінуіміз тиіс.
2- Лаңкестер Ислам дінінің басты негіздерінен болған „уәде де тұру“ атты қағидасын өрескел бұзып, жарылыс жасағанының күәсі болудамыз. Олар сол Европа елдеріне кірген кездерінде, ол елдің заңын сақтаймыз деп уәде беріп кірді емеспе? Ал Пайғамбар (С.А.С) „Мұнафиқтің үш белгісі бар“ дей келе, сол үш сипаттың бірі „Уәде берсе уәдесінде тұрмайды“. Ал дінімізде Алла (Т) Құранда айтқанындай: „Расында мұнафиқтар тозақтың ең түбінде жанады“ ( Ниса- 145) көріп оырғанымыздай, мұнафиқтарды қияметте кәпірлерден де қатты жазаланатыны айтылған; ал осы аят, xадистерді ой елегінен өткізген кез-келген жан, лаңкестердің қандай үлкен күнә істеп жүргендерін түсініп білер еді.
3- Олар (Лаңкестер) Ислам дінінің тұнық атын лайлап, абырой беделіне нұқсат келтіріп жатыр. Ал Пайғамбар (С.А.С) өз заманында үлкен күнә істеген қылмыскерлерді, дін дұшпандарын, Ислам дінінің абыройын ойлап жазалаудан бас тартатын еді.
Ал енді өздеріңіз ой жүргізіп көріңіздер: Лаңкестік жағдайлардан кейін демократияны ту етіп мұсылмандардың емін еркін жүріп тұрысына, дінін насиxаттауына толықтай рұқсат еткен Европа елдері; мұсылмандарға қысым жасай бастады, қаншадан-қанша мешіттер жабылып, қаншадан-қанша уағыз-насиxаттар тоқтады. Оның сыртында қандайда-бір жолмен болсын мұсылмандарға зиян берүге желеу іздеп жүрген дін дұшпандарына жол ашылды, көрінген жерде мұсылманның құқығы қорғалудан қалды…
Лаңкестердің дінге жасаған зияндарын санай берсек санына жетпейміз. Алла (Т) баршамызды xақ жолынан тайдырмасын…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше