Қар астындағы ауыл

Мен Қарқаралының таулы аймағының тумасымын. Туған жерімнің аты — Жаңатоған. Туған жер бәріне ыстық қой, «андай-мындай» деп мақтап миларыңызды шірітпей-ақ қояйын.) Өзгелерге ұқсай бермейтін ерекшелігін ғана айтып өткенді жөн көрдім.
Әсіресе, Қыс айында..

Блог - KerimAyankyzy: Қар астындағы ауыл

1) Таудың ортасында орналасқандықтан, барлық жер тып-тынық, желсіз түнде жарық ай болып тұрса, бізде алай-дүлей, дым көрінбейтін боран ұйытқиды да тұрады. Әсіресе, басқа жерден жол жүріп келе жатып, ауылыңа кіре берісте дым көрінбейтін ақ түтек боранды көріп таңғаласың.

2) Қар. Жұқа қар дегенді көрмейсің. Барлық жерде тау-тау болып үйіліп, омбылайсың да жүресің. Боран болған күні таңертең ұйқыдан тұрғанда, есігін сырттан жабылып қалады. Оны кішкентай терезеден шығып күрейсің немесе көршің күреп береді. Айтпақшы, олар пеш жағады екен ғой. Қардан отын қораң да бітеліп қалса, уот саған тағы да артық жұмыс.

3) Бәрінің зәресі ұшатын атышулы «Тоқылдақ» деген тау бар. Ол тура ауылға кіреберісте жол бойындағы үлкен тау. Керемееет үлкен де емес енді. Міне мына тау:

Блог - KerimAyankyzy: Қар астындағы ауылҚыста үп еткен жел тұрса бітті, ауылға кіріп-шығуыңыз оңайға соқпайды. Қыста жиі естейтін сөздеріңіз: «Тоқылдақта қалып қоймаңдар», «Тоқылдақ ашық па екен?» «Тоқылдақта қалып қойыпты», «Тоқылдақтан өтіп алсақ болды». Елдің уайымы — осы. Күрек, тағы басқа заттар оңайлықпен көмектеспейді. Бір УАЗ-дың өзі әзер сүйреп шығарады. Осы Тоқылдақта небір оқиғалар болды. Боран болса ауылдағылар жолға шықпайды, ал бері келе жатқан жолаушының келгенін ешкім байқамайды. Себебі, түпте орналасқандықтан басқа көліктер өтпейді, сеть атаулы ұстамайды. Ол жерде үсіп-қатып бірнеше сағат, 24 сағат та қалып қойған жолаушылар жетерлік. Бір жақсысы Қарқаралыға шыққан 5-6 көлік болса бірінің соңында бірі, бір-бірін итеріп, күреп жанталасып жүреді. Сондай жақсылық жасалынып жатқан дүниені көргенде жүрегін елжіреп кетеді.) Ауылдың басты проблемасы — жолды үнемі тазартып отыру.

Міне, осылай… Қар астында тіршілік кешіп жатқан жандардың күнделікті өмір сүруі оңай емес… Әсіресе, мал асырайтындар үшін. Оларды бағып келу, су-шөбін беру бар. Әсіресе, ақ түтек боран мен қақаған аязда. Біреулер Қаладағы 1 бөлмелі пәтеріне риза болмай жүр… «Ауыл деген рахат қой, оларда уақыт көөп» — деп қызығамыз кейде. Ауыл расымен рахат, ауасы таза, табиғат!.. Бірақ, бейнеті де соғырлұм… Демалып барушылар үшін 100 пайыз ұнайды әрине!.. Жазда өртпен, қыста қармен, көктемде сумен алысады. Олардың өзі бас-басына бір-бір тақырып. Ойлай берсе проблема шаш етектен.) Соның бәріне қарамастан Туған жерін әркім сүйеді әрине!:j
Туған жерімнің сыртқы көрінісін мына жерден көре аласыздар::j

Your text to link...
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше