«Қайырымдылық – жылы жүректен» акциясы

Блог - zhasulan_pressa: «Қайырымдылық – жылы жүректен» акциясы
2015 жылы 30 қарашада Астана қаласында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты қайырымдылық мәдениетін дамытуға байланысты акция өткізді.
Бүгінгі күні қайырымдылық қызметінің жаңа қорларын іздеу, елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға көмектесетін шарттарды жасау қажет болғандықтан аталмыш шара қыркүйек-қараша айларында республикамыздың барлық өңірлерінде өткізілген қайырымдылық шараларының бірі болды.
Акцияның негізгі мақсаты халық арасында, соның ішінде өскелең ұрпақта қайырымдылық мәдениетін тарату, сондай-ақ қоршаған адамдар үшін жеке жауапкершілік идеясын қалыптастыру болғандықтан акцияға Астана қаласының жасұландықтары, белсенді жастары, үлкен ата-әжелерден кішкентай балаларға дейін қатысты. Мұнда жасұландықтар адамдарға жалпы қайырымдылық мәдениеті туралы еске сала отырып, жастарда адамгершілік сапасын, ізгілік мен мейірімділік, рақымдылық пен мейірбандық сезімдерін қалыптастыруға, өмірде қиын жағдайға кезіккен адамдарға көмек көрсетуге шақыруға, жалпы еріктілік қызметіне әр түрлі әлеуметтік және жас кезең топтарының жастарын тартуға тырысты. Сонымен қатар ұйым еріктілері қатысушыларға жүректің суретін ұсынып, далада, аулаларда тұрған автокөліктерге де жүрек суретін таратты.
Қазіргі қоғамда қолайсыз отбасылардағы балалар, көмекке мұқтаж қарт адамдар және т.б. әлеуметтік қолдауға бағытталған қайырымдылық шараларын іске асыру, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына көмекке бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және акциялар өткізу, қайырымдылық шараларын іске асыруға көмектесуге қайырымдылыққа өз еркімен келген көмекшілерді, еріктілер санын арттыру өте маңызды болғандықтан «Жас Ұлан» ұйымы аталмыш шараларды дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Осы шараны өткізу арқылы көмекке мұқтаж отбасылар мен қарт адамдарға мекен-жайлық көмек көрсетуге қоғамның назарын аударуға, қоғам игілігі үшін әлеуметтік маңызды қызметті іске асыруға жастардың күш-қуатын біріктіруге, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұйым еріктілерінің жұмыстарын тиімді жүргізуге және жастарда жалпы адамдық рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген дүниетанымды қалыптастыру бағытында Республикалық «Жас Ұлан» ұйымы мақсатты бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше