"Ұланымыз Ұлы елдің" форумы өтті

Блог - zhasulan_pressa: Ұланымыз Ұлы елдің форумы өтті
Астана қаласында Республикалық "Ұланымыз ұлы елдің" форумы өтті. Аталмыш форум ҚР БҒМ қолдауымен «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген болатын. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 100-ден аса оқушылар қатысты. Форум үш күнге созылды. Аталған үш күн ішінде белсенді балалар түрлі семинар-тренингтерге, көңілді эстафетаға және таныстырылым байқауына қатысты. Мұнан бөлек, Республикалық Құрылтай, Ұланбасы кеңесінің алғашқы отырысы өтті. 17-19 қараша аралығында ұйымдастырылған форум қорытындысы салтанатты жабылу рәсімі арнайы әзірленген концерттік бағдарламамен аяқталған болатын. Шара қорытындысы бойынша Республикалық «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздары, көңілді эстафета мен таныстырылым байқауының үздіктері марапатталған болатын.
Блог - zhasulan_pressa: Ұланымыз Ұлы елдің форумы өтті
Шараға ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті басқарма басшысы Айтбаев Досұлан, журналист, тележүргізуші Камиль Галиев және т.б елге белгілі тұлғалар қатысты. " Форум жұмысы барысында балалар жасұландықтың кодексін, ережесін ұсынып, талқылады. Атқарылған жұмыс аз емес. Болашақта одан да әрі игі бастамаларды бастауға дайынбыз — дейді ұйым төрайымы Динара Тайбасарқызы. Мәңгілік елдің жасампаз жастарының басын біріктірген бұл жиын ұлы істердің бастау болар деген сенімдеміз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше