«Спорт – денсаулық! Біз есірткіге қарсымыз!» атты баскетбол турнирі өтті

Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі, ал жастар – болашағымыздың алтын тірегі! Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» деп айтқан болатын.
2015 жылдың 11 қарашасы «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» ұйымдастыруымен, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен қала мектептері оқушыларының арасында «Спорт – денсаулық! Біз есірткіге қарсымыз!» атты баскетбол турнирін өткізді.
Спорттық іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, сонымен қатара нашақорлыққа қарсы тұруға шақыру.
Турнирге Астана қаласы мектептерінен құралған 8 топ қатысты. Олардың ішінен суырылып алдыға шығып 4-орынды – №50 мектеп-лицейі, 3-орынды — №64 мектеп-лицейі, 3-орынды — №53 мектеп-лицейі және 1-орынды – Республикалық «Жас Ұлан» мектебі алды. Жеңімпаздар дмпломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар қатысушылардың барлығына сертификаттар беріледі.

Ұйымдастырушы
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ
Астана қалалық
Атқарушы хатшысы
Шұғыла Құдайбергенова
Бөлісу:

1 пікір