ҚЫЗ СӨЗі

Блог - maratamirov: ҚЫЗ СӨЗі
Менен артық бола алады саған кім,
Осы сөзді қайталаймын қанша рет?
Атқан таңның шуағымен тарандым,
Сен күн сайын ғашық болып қалса деп!

Менсіз өмір күнсіз әлем сен үшін,
Оны жақсы білесің ғой өзің де!
Қыстан қалған қырау-мұңым ерісін,
Қане, жаным ерік берші сезімге!

Өткен күнді тастайықшы ысырып,
Енді екеуміз бір бүтінбіз, еңселім!
Жүзіңдегі жұмбақтарды түсініп,
Жүрегіңді ұға алады менше кім?

Сені көріп шын бақытпен кездестім,
Тағдыр бізді байлап-матап тастаған!
Керек емес маған сенен өзге ешкім,
Саған бақыт бере алмайды басқа жан!

Тұра берсін алдыңда сан тұрса жол,
Бір ару жоқ жүрегіңді жаулайтын!
Менен артық қыз тумайды, туса да ол
Менің қызым, түрі сенен аумайтын!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше