Қазақша күрес пе, белдесу ме?

Дүниені дүбірге толтыратын үлкен спорттық жарыс — "Қазақстан барысы" жобасының финалдық бәсекесі таяп келеді. Уақыт жақындаған сайын небір пікірлердің, небір ойлардың бас көтеретіні белгілі. Соңғы кезде Қазақ күресі федерациясы "Қазақша күрестің" атауын өзгерту керек деген пікірі біраз дауға себепкер болды. Бағзы бірі қала берсін деді, бірсыпырасы «белдесу болсын» деді. Соңғылары «белдесу» қазақ күресінің ішіндегі әдіс деген уәжін алға тартты. Ақыры бұрынғы атауымен әлі келеді. Әлбетте ұлттың атауын беру әдемі естілуі мүмкін. Сондықтан көпшілік ол атаудан бас тартқысы келмей, ақыр соңында өзгертудің реті болмай келеді. Ендеше тұрған атауды ауыстырудың қажеті қанша дерсіз? Әлбетте, "Қазақ" деген атауды жек көріп отырғанымыз жоқ, дегенмен біраз мәселе туындататынын біле жүрген жөн. Сол мәселелерді білейік.
Блог - kaztube: Қазақша күрес пе, белдесу ме?
Біріншіден күрес атауы халықаралық аренада өзбектің «Курашымен» белгілі болып қалды. Аса көп айырмашылық жоқ. Ертең Олииада ойындарын өткізерде (ал бұл әрекет "Қазақ күресі" федерациясының ең бірінші нысанасы) "өзгелерден айырмасы қайсысы?" деп сұрағанда нақты жауап бере алмайды екенбіз. Бізде бар жамбас оларда да (ямбаш) бар, біздікінің атауы күрес, олардікі «кураш». Ең сорақысы түп негізі бір болғандықтан күресіміз халықаралық аренаға шығу үшін өзбек «Курашының» ығына кіруге тура келіп тұр. Ал бұндайға кірмес үшін қырғыздар өздерінің күресін «Алыш», татарлар «Белбеу» деп атап алған екен.
Екіншіден, спорт түріне ұлттың атауын беру саяси сипатқа айналып кететін көрінеді. Егер ұлттың атауы тұрса, өзге елдерде, халықаралық деңгейге шығару өте қиын мәселе. Себебі бір ұлттың спорттан болса да экспансия жасағанын кім қалайды дейсің?!
Үшіншіден экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Айталық "Қазақ күресінен" халықаралық жарысқа үнді балуандарын шақырсақ, олардың кергуі мүмкін. Себебі олар «Біз сендердің аттарыңды танытуға барамыз, сондықтан біздің жол шығынымызды, жатар жер, т.б. көтер» деуі бек мүмкін. Былай қарасақ онысы дұрыс та. Ал олар татардың «Белбеуіне» еш шартсыз бара береді. Себебі қанша жерден ұлттық күрес десеңіз де, атауы бейтарап.

Блог - kaztube: Қазақша күрес пе, белдесу ме?Міне, осындай жағдайлардан кейін күрестің атауын өзгерту мәселесі көтеріліп отыр. Енді оған қандай атау беруге болады? Әлбетте, сырттан әкеп, жапсыра қою мүлде мүмкін емес. Өйткен өгей сөз өгейлігін көрсетіп, құлаққа сіңбесі анық. Біздіңше ең әдемі, лайықты атау «Белдесу» секілді. Құлаққа жағымды, күрестің синонимі болып, орынын еш қиындықсыз ауыстыра да алады деген ойдамыз. Мысалы «күресе кетті» деген тіркес көбіне «белдесе кетті» деген тіркеспен жиі ауысым жасайды. Бұл құлаққа әбден сіңген атау. Ал оған қарсылардың «Белдесу» Қазақ күресінің бір әдісі дейтіндер үшін, оның орнына "Қоян-қолтық белдесу" деп атаудың еш сөкеттігі жоқ. Демек, қарсылықтың орны емес сияқты.
Біз айттық, қалғанын өзіңіз таразыға салыңыз. Ең бастысы бұл ойды "Қазақ күресінің" басы-қасында жүргендер де қолдағысы келіп отырған сияқты. Енді жұрттың талқысы не дейді екен?!..
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше