Шоу бизнестегі ерекшеліктер
Шоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "АБК" бастап, "Нұр-мұқасан", "Бәйтерек" қостап, сонан соң "Орда", "Музарт", "Жігіттер" болып кете барды.
Кейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "Дос-мұқасан", «Айгүл» секілді қазақ өнеріндегі танымал ансамбліндері секілді ВИА құруға көшті. Бұрын қолдарына тек домбырамен немесе баянмен шығар болса, кейін түрлі аспаптар шоу бизнестің көркі болды. Мысалы Музарттың Кенжебегі сылдырлағымен ерекшеленсе, қыздардан құрылған "Асыл" тобы қобызымен ән салды.
Соңғы кезде этно-топтардың да қатары көбейіп, онысы сәнге ұласып келе жатқан секілді. "Тұран", "Алашұлы" секілді топтар көрерменнің көзайымына айналып, әндері жұрт көңілінен шығып жүргені белгілі. «Тұран» әлемдік деңгейде өте жоғары өнер көрсетіп жүрген санаулы топтың бірі.
Сонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны Лұқпан Жолдасов шығар. Гитарамен сүйемелдеп, ән айтумен қатар, әсем әуендері жұрт есінде. Ал соңғы ұлттық бағыттағы музыканттардың саны артып келеді. Ал олардың жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптауына "Ұлытаудың" жеткен жетістіктері әсер етті ме екен? Әйтсе де, Асылбек Еңсеповты қалай ұмытамыз?! Оның әкесі Жасарал Еңсепов «Декко» жанрының негізін қалаған соң, осы бағытта небір тың ізденістер жасалған болатын.
Дәл қазір домбырашылардың көбі «Декко» жанрымен өнер көрсетіп келеді.
Міне, осындай қаптаған қалың өнерпаздың арасынан жарқ етіп шығып, тасбауыр шоу бизнестің биік шыңынан көрінгісі келетіндер осылайша өзгеше шығып танылып жатады. Бірі тойға арналған әнімен (Заттыбек Көпбосынов, Абай Бегей т.б.), бірі танымал әншіге ұқсастығымен (Ернар Айдар, т.б.) танымал болса, енді бірін көрермендер жұлдыздардың аналары арқылы таныдық деп жатады…
Ал соңғы кезде тез танымал болудың жолы интернет болып отыр. Соның ішінде YouTube видеосервисі көп көмектесуде. Яғни танымал әндерді өз стилімен қайталау арқылы, кавер түсіріп, сонысымен жұрт көңілінен шығып жүр. Айталық осы жолмен жұлдызы жанып келе жатқан әншінің бірі — Нұрым Қуаныш екені даусыз. Оның әндері қазір жастардың арасында кеңінен танымал болып үлгерді.
Сонымен қатар, каверді пайдаланып, жұртты елең еткізген жастың бірі — домбырашы, күйші Темір Дулат. Оның ерекшелігі жай ғана кавер жасау емес, танымал кинолардың саундтрегін домбырамен орындау. Жақын күндері шықса да, жарқ етіп, өз ерекшелігін көрсете алған Темір дәл қазір "Тақтар ойыны" және отандық "Рэкитер 2" фильмдерінің санудтрегін ойнап берді.
Осындай жұрттың тасасында қалып кетпей, өзінің қолынан келгенін пайдаланып, жұлдыз болуға тырысқан жастардың ісі, әлбетте, құптарлық. Барлығына алдынан жарылқасын дейміз. Тек ерекше стильде шығу үшін, артық қыламыз деп тыртық қылмаса бопты.
Ал KazTube порталы кез-келген жастың насихатын арттыруға әркез дайын!

Пікір жоқ әзірше