Ғашықтық қандай керемет!

Блог - naizagai1: Ғашықтық қандай керемет!
Сағыныш емес мұң беріп
Сабырым бізді сынайды.
Сезімге сеніп жүрмелік,
Тағдырлар қарсы сыңайлы…

Өкпелеп қалып жүрмеші?
Өзіңе тағар мінім жоқ,
Ғашықтығымның жүлдесі-
Ғарышта тұрар күнім боп!

Төбеден қысып тағдыр да,
Жұмыстар басты желкеден.
Күн түгіл нөсер жаңбырда
Жақындап барсам өртенем…

Заманмен арпаласардай
Менде жоқ ондай күш, білем.
Сәулеңнен жүрмін қаша алмай,
Күндейін қандай ыстық ең?!

Қараусыз қалған қолдардан
Өлеңнен басқа не келед?
Махаббат бізге болды арман,-
Ғашықтық қандай керемет!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше