Быратанға сыр. Бокалдар сыңғыры

Блог - arlandoit1986: Быратанға сыр. Бокалдар сыңғыры
Сыра қайда?
Сырымыз да жоғалган…
Сырахана — опа-мекен оралған?
Сендік сезім сол пәледен тоналған
Сендік төзім сол немеден тоналған
… Шаршап кеттім қоғамнан…

… Сыра қайда?
О, Быратан, Шайтанға күна «пайда!»
(Тұлпарлықтан дәметіпті құла тай да.)
Сен жүрсің-ау ғашық боп бір жәлепке
Мен де жүрмін жете алмай бір «апайға»!

… Біз сондаймыз-
Табыспас тағдырлармыз…
Дүниеден атпайтын таңды ұрлармыз!
Әлімсақта ар жайлы әңгіме айтар
Пешенеде пендені таң қылған қыз…
… Біз өмірді өксікпен жандырғанбыз
Саптыаяққа үніліп, өкпе айтып
Қиялменен қияға қанғырғанбыз…

… О, Быратан!
Не демексің?!..
Сен менің «мендігімді» елемепсің.
Өмірде табыспаған көңіліміз
Ар алдында қабыссын демеп ек шын…

… Керекпін бе?
Мені де сүйші, пәле!
Күмбірлейді көкейде күйші-дәме!
Өмір-ай, өксігіміз көз алдында
… Быратан, сары сырадан құйшы, кәне!
Бөлісу:

2 пікір