БІЗДІҢ ӘУЕКЕҢІСТІГІМІЗГЕ ЛАЙЫҚ ҰШАҚ - Bombardier Q400

Блог - Raimkhan: БІЗДІҢ ӘУЕКЕҢІСТІГІМІЗГЕ ЛАЙЫҚ ҰШАҚ - Bombardier Q400
Астана күнінің құрметіне орай, канадалық «Bombardier» компаниясының заманауи турбиналы-винтті Q400 NextGen» маркалы ұшағының тұсаукесер рәсімінде, «Самұрық-Қазына» қоры «Bombardier» компаниясымен он ұшаққа серіктестік келісімін бекіткендігін хабарлады. Бұл ұшақтар өңіраралық әуе желілерінде пайдаланылады.
Атап айтқанда, бұл ұшақтарды қордың құрамындағы екінші отандық әуе компаниясы — «Эйр Қазақстан» пайдаланады.
«Ұшақтардың қауіпсіздігі бойынша әуе компанияларына деген талап күшейіп келеді, алайда отандық компаниялар бұл талаптарды орындамайтын жағдайлар кездесуде»,-деп атап өтті ол.
Басқарма төрағасы Елбасының тапсырмасы бойынша екінші отандық әуе компаниясын құру қадамы жасалғанын жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, қор «Эйр Астана» мен «Эйр Қазақстан» компанияларының акционері болғандықтан осы екі әуе компаниясы серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады.
Астана күнінің құрметіне орай, канадалық «Bombardier» компаниясының заманауи турбиналы-винтті Q400 NextGen» маркалы ұшағының тұсаукесер рәсімінде «Air Kazakhstan» компаниясының президенті Нұржан Шәкіров:
— Біз алдағы жылдың алғашқы жартысында «Bombardier Commercia Aircraft» компаниясының «Q400 NextGen» маркалы су жаңа 10 ұшағын сатып алып, Қазақстан көгінде самғатуды жоспарлап отырмыз. Оның әрбірінің құны 23 млн доллар шамасында тұрады. Ал ұшақтарды елімізге әкелу кезеңі 2015 жылдың наурыз-сәуір айларында жүзеге асады деп күтілуде. Сөйтіп, көп ұзамай алғашқы жыртыжылдықты еліміздің жолаушыларын жаңа ұшақтармен тасымалдауды қамтамасыз ететін боламыз, — деді ол.
Айта кетейік, шара аясында «Bombardier Commercia Aircraft» компаниясының вице-президенті Рой Джонс БАҚ өкілдеріне ұшақтың қыр-сыры мен қабілет-қарымы жайлы егжей-тегжейлі баяндап, тіпті, тілшілер қаумының әуе кемесінің кейбір артықшылықтарын сезінуі үшін олардың Астана көгінде самғауының да орайын келтірді.
Вице-президенттің айтуынша, ұшақтың бұл түрі «әуе кемелерінің болашақ буыны» деп аталуға әбден лайық және мүмкіндігінше еркін ұшуы үшін Орта Азия елдерінің климаттық жағдайына мейлінше бейімделіп жасалған.
— Бұл ұшағымыз 50 градус ыстық пен 54 градус аязды күндері де ұшуға қабілетті. Турбиналы-винтті болғандықтан жүк тасымалдауға болады. Тіпті, орындықтар тұратын жерді үнемдеп немесе кеңейту арқылы 72 мен 86 адамдық жолаушылар сыйымдылығын қамтамасыз ете алады. Үнемді, шапшаң әрі маневр жасауға ыңғайлылығын айтпағанның өзінде, бұл ұшақ жүктемесі тәулік бойы тынымсыз әуежайлар үшін бір мезетте жолаушылар отырғызып, жүк тиеумен қатар, жанармай құю қызметтерін де мінсіз атқара алады. Ал ұшу-қону қашықтығын өзге ұшақтармен салыстырғанда тым қысқа әрі 10-17 минут ішінде 6-7 мың метр биіктікке тез көтеріле алатын мүмкіндіктерге ие. Ең маңыздысы — «Q400 NextGen» ұшағын Орта Азия мемлекеттерінің ыңғайына қарай бейімделгендігін баса айтқым келеді. Яғни, ұшу-қону алаңдарының санатына қарамай, тегістелген қатты топырақтың бетіне қону қабілетіне иелік етуі оның өзге бәсекелестерінен бір бас жоғары екендігінің белгісі болып отыр, — дейді Рой Джонс.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше