Сен өлесің
Керекинфода отырып жазба жазуға уақыт құрғыр жар бермей қойғаны деп ақталайын, айып етпеңіздер. Мен жер басып жүрмін. Соңғы кезде жұмыспен қатар үй шаруасы, бала күтімі деген сияқты тірліктерімнен әрі аса алмай қалдым.
Осы блогтұғырнамадағы соңғы жазбамды жақтырмай, отбасы, ошақ қасыңды жаза берші деп мұрнын шүйіргендер де бар екен. Ақыл айтып, жол сілтегендер де жоқ емес. Алайда, мен өзімнің азаматтық позициям мен қоғамдық пікірімді өзгертпеймін және не жазсам да өз еркіммен жазам. Әрине, отбасы мен ошақ қасындағы мәселелер менің басты тақырыбым. Бірақ ара-арасында қоғамдық мәселелерге де ден қойып, өз пікірімді білдіруге хақылымын деп ойлаймын.
Бүгін, мен, дәрігер этикасы туралы айтамын. Өткенде ғана бір абысынымның баласы қатты ауырғасын ауруханаға апарған ғой, сөйтсе, дәрігерлер «бала адам болмайды» деген. Реанимацияда бір күн жатып, екінші күні беті бері қараған. Тіфә, тіфә, қазір шауып жүр. Тағы бір кісі босанғаннан кейін өзінің көп қан жоғалтқанын, акушердің оған: "қансырап өлгелі жатырсың" дегенін естіп психологиялық күйзеліске ұшырағанын айтқан еді. Осы сияқты әңгімені көп жерден естимін. Сіздер де еститін шығарсыздар?!
Дәрігерлер сонда науқасты өздері психологиялық тұрғыдан өлтіріп тастайтынын білмей ма екен? Осыған таң қаламын. Мен кіші медсестра мамандығы бойынша оқу оқығанмын. Сонда бізге тіптен бүгін-ертең өлетін адамдардың өзіне «сіз өмір сүре алмайсыз» деген әңгімені айтуға болмайды деп үйрететін. Ауруханада емі жоқ аурумен ауыратындардың өзіне «сіз өмір сүресіз, әлі-ақ жүріп кетесіз» деп айту керек деген қағиданы құлағымызға құйып құрышын алып еді. Содан ба, бүгінгі кей дәрігерлердің ондай дөрекілігін естіп шошып кетемін. Мұндайды естіген адам не ойлайды? Әрине, ең бірінші артында ұрпағы болса, соны ойлайды. Балаларымның тәрбиесі қалай болар екен, болашағы не болар екен деп… Екінші, о дүниені ойлайды. Ойпырмай, ол дүниеде мені не күтіп тұр екен деп күнәләрын тізе бастайды. Әй, күйеуіммен ұрсыспауым керек еді, енеме сөйлемеуім керек еді, ана бір жолы өтірікті плотна айтпау керек еді деп әрбір іс әрекетіне өкіне бастайды. Өкінгенмен не пайда, өлім жақындап келеді. Өлмей-ақ қойсам ғой, бәрін түзеп алушы едім дейді. Соңында, мына жарық дүниені қимай ебіл-дебіл болып жылайды, құдайдан сынықтықпен жалынып-жалбарынып өмір сұрайды. Ең соңында, тірі қалғанда құдай тілегімді қабыл қылды дейді байғұс қайтсін енді.
Бұл турасында сіздерде қандай пікір бар? Айта отырыңыз.

Пікір жоқ әзірше