Жоғалған Боинг-777 ұшақ жәйлы мәлімет.

Куала-Лумпурден Пекинге қарай ұшқан ұшақ бір аптаға жуық уақыттан бері ізім-қайым жоқ. Бүкіл дүние жүзі қазір іздеп, шулап жатыр. Малайзия әуежайынан көкке көтерілген Boeing-777-200 рейсінде алдын ала берілген мәлімет бойынша Қытайдың-154, Малайзияның-38,Үндіс¬танның-5, Индонезияның -7, Австралияның -7, АҚШ-тың -4, Францияның-3, Ресейдің-3, Канада, Украина және Жаңа Зеландияның екіден азаматтары болған. Сонымен бірге экипаждың 12 мүшесінен де хабар-ошар жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, Пекинге қарай ұшқан Боинг-777 ұшағы Вьетнамның су жағалауының үстінде іс-түзсіз кеткен. Қазір әлемнің онға жуық елінің кемелері мен жоқ іздеген ұшақтары мұхит үстін шарлап жүр. Әзірге ешқандай дерек жоқ. Дүйсенбі күні Оңтүстік-Қытай теңізі суы¬ның бетінен май дақтарының табылғаны айтылды. Бірақ мұның жоғалған ұшаққа еш қатысы жоқ болып шықты. «Бұл ондаған шақырымға созылған су бетіндегі май мұнай таситын танкерлерден қалған болуы мүмкін» деген болжам айтылды. Кеше АҚШ Қарулы күштерінің басшысы жоғал¬ған ұшақты іздеуге өздерінің соңғы за¬манауи қарумен және құралмен жабдық¬талған екінші әскери кемесін аттандырды. Қалай айтқанда да, «Боингтің» із-түзсіз кетуі әлемдік авиация тарихында бұрын-соңды болмаған құпия оқиғаға айналып отыр. Сонда ұшақ қайда кетті? Болжамдар әртүрлі, бірі «техникалық ақаудан» десе, екіншісі «лаңкестік әрекеттің салдарынан ұшақ әуеде жарылып кетуі ықтимал» деген жорамалдар айтылуда. Радарға апат алдында болатын дабыл да түспеген, ұшқыштардан хабар да болмаған. Белгілісі – Boeing-777 ұшағы өзінің ұшу бағытын күрт өзгертіп, қайтадан өзі әуеге көтерілген бағытқа қарай кері бұрылған. Бір қызығы, басқа біреулер¬дің төлқұжатымен ұшқан екі адам туралы пікірлер айтылуда. Оның бірі–Луиджи Маралди деген итальяндық азамат, ол қазір Таиландта демалып жүрген көрінеді. Екін¬шісі Австрия азаматы –Кристиан Коцэл. Екеуі де осыдан бірер жылдан аса уақыт бұрын жеке төлқұжатын ұрлатып алған. Белгісіз екеу осы екі азаматтың құжатымен ұшып шыққан. «Олар лаңкестер болуы мүмкін». Бұл жорамал қаншалықты ақиқат?
Дерек пен дәйек
1995 жылдың 31 наурызы күні Бухарест әуежайында Брюссель бағытына енді көтерілген Румынияның Tarom компаниясының әуе лайнері жермен-жексен болып, экипаждың 11 мүшесі мен 48 жолаушысы қаза тапты.
1997 жылдың 26 қыркүйегінде Индонезияның Суматра қаласының маңында елдің Garuda авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 234 адам қайтыс болды.
1998 жылдың 16 ақпанында Тайвань авиакомпаниясының А-300 әуе лайнері қалың тұманның кесірінен әуежай маңындағы тұрғын үйге соғылды. Апаттың салдарынан 203 адам келмеске кетті.
1998 жылдың 11 желтоқсанында нөсерлеп жауған жаңбыр мен қалың тұманның салдарынан Таиландтың А-310-200 ұшағы экипажының 14 мүшесі мен 132 жолаушысы қайтыс болды. Тек 45 адам ғана құтқарылды.
2000 жылдың 31 қаңтарында Кения әуежайынан ұшып шыққан
А-310 әуе лайнері Гвинея бұғазына құлады, бұл 170 жолаушының соңғы сапары болса, 10 жолаушы аман қалды.
2000 жылдың 23 тамызында Бахрейннің әуе лайнері Парсы шығанағына құлап, әуе бортындағы 143 адам келмеске кетті.
2001 жылдың 12 қарашасында АҚШ-тың Кеннеди әуежайынан ұшып шыққан ұшақ Нью-Йорктің Квинс ауданына құлап түсіп, 260 жолаушы қаза тапты.
2006 жылдың 3 мамырында Арменияның «Армавиа» компаниясына қарасты А-320 аэробусы Қара теңізге құлап түсіп, тосын апат 113 адамның өмірін жалмады.
Интерполдың бас директоры Рональд Ноубл қазір әлемде азаматтардың 40 мил¬лиондай төлқұжаты жоғалғанын айтады. Қазір Оңтүстік –Қытай теңізінде Малайзия, Австралия, Қытай, Таиланд, Индонезия, Сингапур, Вьетнам, Филиппин мен АҚШ елдері іздестіру операциясын жалғастырып жатыр. Қалай айтқанда да, қазір ұшақпен ұшу ең қауіпті оқиғаның біріне айналып барады. Соңғы 100 жылдықты алып қарасаңыз, «әуе кемесінің» апаты жиілеп кеткенін байқай¬сыз.
Өткен жылы Рио-де Жанейродан мыңдаған шақырым ұшқаннан кейін бақылау радарынан көрінбей кеткен ұшақтың сынықтары мұхит айдынынан екі күннен кейін табылды. Қалай айтқанда да, 228 адамы бар 20 елдің азаматы әуе апатына ұшырады. Оның ішінде 12 ұшақ эки-пажынан басқа, 126 еркек, 82 әйел, 8 сәби болған. Бра¬зилия¬ның Ка¬бо-Вер¬де жа¬ға¬лауы¬ның үс¬¬тін¬де оқыс оқи¬ға¬дан шошынған жолаушы¬лар алыс¬¬тағы ту¬ған-туыс¬та¬рына ұялы телефон арқылы SMS жіберіп үлгергені тір¬келген: атап айтқанда, «мен қорқамын», «мен сені жақсы көремін», «ен¬ді не істейміз?» деген сарында жіберген ха¬барламалар соңғы рет қошта¬судың сипаты болып қалғанға ұқсайды. Апатқа ұшыраған ұшақта Бразилияның 58 азаматы, 26 неміс, тоғыз итальян, тоғыз қытай, алты швейцар¬лық, бес ливандық, бес британдық, төрт венгер, үш ирландық пен Норвегия азама¬ты, сондай-ақ Словения, АҚШ, Австрия, Ресей, Швеция, Түркия, Хор¬ватия, Эс¬то¬ния, Канада азаматтары болған. Екі күннен кейін Бразилияның қорғаныс министрі Нелсон Жабин Атлант мұхитынан Бразилия жағалауына мыңдаған шақырым жердегі айдын бетінен Aіr France авиа¬компаниясына тиесілі ұшақтың сынықтары табылғанын жария етті. Министр ұшақ сынықтары мұхит бетінде шамамен 5 шақырымға созы¬лып жатқанын айтты. Орын алған оқиғаға орай, Бразилияда үш күндік қаралы күн жарияланды.
2011 жылдың жылдың ақпан айында Вене¬суэлладан ұшып шыққан әуе лайнерінің де жолы болмады. Әуе кемесі таулы аймаққа келгенде, жартасқа со¬ғылып, оншақты эки¬паж мүшелері мен борттағы 45 жолаушы қаза тапты.
Бұл – әрине, төбеде, әуеде бол¬ған апат¬тар. Алайда қойнына құпиясын жасырып жатқан тылсым мұхит та жалпақ әлемге сы¬рын аша қойған жоқ. Жалпы, басқа айдын¬мен салыстырмалы түрде қарағанда, Атлант мұхитында апаттар жиі орын алады екен. «Мұның сыры неде» деген сұраққа маман¬дар әлі бас қатырып әлек. Соның ішінде ең алаңдатарлығы – Бермуд үштағаны. Соңғы бір ғасырдан бері жауабы табылмай келе жатқан бұл тосын құбылысқа әркім әртүрлі пікір айтса да, нақты көзқарас жоқ. Біреулер Бермуд жұмбағын оның астындағы орасан зор магнитті күштен іздесе, енді бірі мұхит қойнауында өзге затты жұтатын белгісіз бір күштің барынан іздейді. Енді ше, Бермуд үштағаны 100 жылға жуық уақыттың ішінде талайды жұтты. Қалай, қайтіп?.. Мұның бәрі осы күнге дейін жұмбақ. Десек те, осы аймақтан өтіп бара жатып, зым-зия болып кеткендер аз емес, адам емес-ау, алып кеме¬лер мен әуе лайнерлері жоғалып жатса не дерсің?!.. Әлемдік баспасөз осы аймақта 1945 жылдың 5 желтоқсанындағы болған ауыр оқиғаны әлі күнге дейін айтады. Нақ¬тылайтын болсақ, дәл осы күні ағылшынның 5 әскери ұшағын мұхит қойнауы жалмап қойды, сонымен қатар оларды іздеуші-құтқарушы ұшақ та жоқ болды. Ал 1945-1990 жылдар арасында Бермуд үштағанында 37 ұшақ, 1 аэростат пен үлкенді-кішілі 38 кеме тылсым дүниенің құрбаны болды. Тіпті 1 атом сүңгуір кемесі де аталған аймақта жоғалып кетті. Сондай-ақ оншақты қайық пен балық аулайтын катер табылса да, бір қызығы, олар толыққанды сақталған, бірақ өкініштісі, бірде-бір адам табылмаған күйі жоқ болып кеткен. Құпия әрекеттің алдында ұшқыштар да, кемедегілер де, тосын қауіптің төніп келе жатқаны жайлы дабыл қақпаған. Сонда бұл не тылсым күш? Тек бір-екі жағдайда ғана азаматтардың тосын әрекеттері естілген. Бермуд үштаға¬нына тап болған кемедегілердің ішінен бір үндіс қана өлім туралы ән айтқан, енді бір кемедегілер «біз түк түсінбей келе жатыр¬мыз, қай бағытта екеніміз белгісіз. Айна¬ламыз аппақ, ақ су» деген секілді хабар¬ламалар жіберген. Ал қалғандарының бәрінен жердегілер «жағдай бірқалыпты», «жуырда жетіп қаламыз» деген ақпараттар алған.
Айта берсек, апатқа қатысты әңгіме көп. «Құдай сақтанғанды сақтайды» дейміз-ау. Бірақ адамның аман-есен жүргеніне не жетсін?!
Ал Куала-Лумпурден Пекинге қарай ұшқан ұшаққа қатысты әлі нақты дерек жоқ. Кеше utro.ru ақпарат агенті итальяндық Луиджи Маралди мен Австрия азаматы –Кристиан Коцэлдің жоғалған төлқұжатымен екі ирандық азамат ұшаққа отырған, «әуе кемесінің іс-түзсіз кетуінде лаңкестік оқиға орын алуы мүмкін» деген ақпарат таратты.
Боинг-777 шығу тарихы құрылымы
Боинг-777 ұшағының бұлай ұзақ уақыт жоғалып кетуі тұңғыш рет байқалған құбылыс, 777 типіндегі ұшақтардың дүниеге келіп, 20 жылдан артық ұшу сапарындағы апатқа ұшырау саны тек бір ақ рет болып, әлемдегі ең қауыпсіз ұшақ деген атқа ие болған еді. Естеріңізде болса былтыр Кореялық әуе компаниясына тиесілі Боинг-777 ұшағы Сан-Францискода апатқа ұшыраған болатын, бұл осы пырақтың тұңғыш реткі сүрінуі еді, оның өзінде тексерудің қорытындысы апат себебін, ұшқыштың тәжірибесіздігінен деп шешім шығарған болатын, дәл осындай қауыпсіздік жағынан үздік ұшақ болғандықтан да, әуе компаниялары таласа сатып алатын. Ал осы жоғалып кеткен ұшақ қайда жасалған? қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрсек.

Америкалық Боинг компаниясы 1990 жылдан бастап осы 777 типтегі ұшақты зерттеп жасауға кіріскен болып, қосы моторлы алыстан басқарылатын ұшаққа 350 ден астам адам сияды, көкке көтерілген кезіндегі салмағы 340 тонна болып, қазіргі кездегі әлемдегі ең ауыр ұшақ есептеледі. 777 нің басқа да түрлері бар, олардың салмағы мен жолаушы сиымдылығы да ұқсамайды, Боинг-777 ER300, Боинг-777ER200, Боинг-777LR200 бұл типтердің қанатың ұзындығы, салмағы, жолаушы сиымдылығы әр түрлі болып келеді, ішіндегі ең ауыры Боинг-777 ER300 болып салмағы 350 тоннадан асады, ал малайзияда апатқа ұшырағаны Боинг — 777-200 типіндегісі болып бұлардың салмағы 240 тан 290 тоннаға дейін барады.
Боинг-777LR200 маркалы ұшағының, бір реткі жерге қонбай ұшу қашықтығы 17000 км ден асатын болып, рекордтық көрсеткіш есептеледі, ұшу жылдамдығы 0,8 махқа тең (бұл ұшақ жылдамдығында қолданылатын термин, ұшақтың әр километр үшін жұмсайтын жағармайы ең төмен болған кездегі ұшатын жылдамдық) бұл да жолаушылар ұшағы үшін өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Осындай жоғары жылдамдықты қолға келтірген моторы да, көлемі жағынан жолаушылар ұшақтарының ішіндегі ең үлкені және ең асылы десек болады. Боиг-777LR200 дің ұшқыш бөлмесі де басқаларына қарағанда қарапайым жобаланған. Жоғары да айтып өткеніміздей Боинг-777 1990 жылдан бастап зерттеліп, 1994 жылы сынақ етіле бастаған, 1995 жылы ресми түрде қолданысқа енгізілген болатын, содан бергі 20 жылға жуық уақыттың ішінде, әуе тасымалы саласында бұл ұшақтың атағы кеңге жайылды, қауыпсіздік көрсеткіштері өте жоғары, 19 милион сағатта бір рет болып, өзінің туысқаны Боинг -747 нің 17 милион сағатта бір реттік көрсеткішінен асып кеткен еді, осындай көрсеткіштері болғандықтан да, әлемдегі танымал әуе компаниялары осы түрдегі ұшақтарды пайдаланады. Ұшақтың жалпы құрылымына қарайтын болсақ, ұшақ қауыпсіздігіндегі ең маңызды бөлігі саналатын қанатынің ұзындығы 60 м ден асады, ұшқыш бортында 6 үлкен экран орналасқан болып, бүкіл барыс компьютерде басқарылады, ұшақ ішіне 300 ден артық түрлі орындықтар орналастырылған, орындықтардың аралығы мен кеңдіктері де адамға ең жәйлы өлшеммен жасалған, жүк алғышында 32 дана жүк сандығы бар болып, жалпы көлемі 160 метр кубты құрайды. Ұшақ алдыңғы, орта және артқы 3 бөліктен тұрады, қанат бөлігіне алтын — алюмин қорытпасы істетіледі, оның қаттылық дәрежесі өте жоғары болып оңай опырылып кетпейді, ұшаққа негізінен тазалық дәрежесі өте жоғары металдар істетілген, бұдан сырт жасанды серік арқылы сымсыз байланыстарды қабылдай алады.Ұшаққа қатысты әр түрлі мәліметтер бар.Оңтүстік Қытай теңізі аумағында жоғалған ұшақта болған жолаушылардың бірінде ұялы телефоны қосулы тұр. Бұл туралы оның туысқандары мәлімдеді. Жақындары оған бірнеше мәрте қоңырау шалып, алайда ешкім жауап бермегенін айтқан. Енді олар ұшаққа иелік ететін әуе компаниясынан телефонның қуаты бітпей тұрғанда спутниктік технология арқылы оны дереу табуды сұрап отыр. Іздестіру амалдары әлі жалғасып жатыр. Ал АҚШ «ұшақ қалдықтары табылды» деген кешегі ақпаратты жоққа шығарды. Құқық қорғау органдары таратқан мәліметке қарағанда, MH370 рейсінің капитаны Захари Ахмад Шах ұшудан екі минут бұрын ғана белгісіз біреумен телефон арқылы хабарласқан. Белгілі болғандай, іздестіріліп жатқан әлгі әйел капитанмен сөйлесерде Куала-Лумпурдегі дүкендердің бірінен жалған құжаттар арқылы сатылып алынған SIM-картаны пайдаланған екен.Атап өтерлігі, Малайзияда SIM-картаны жеке куәлік немесе төлқұжатсыз сатып алуға рұқсат етілмейді. Бұл талапты Малайзия билігі 2001 жылы Нью-Йоркте орын алған лаңкестік әрекеттен кейін енгізген болатын.Айта кетейік, бүгінге дейін ұшақ капитанына ұшпай тұрып хабарласқан адамдардың барлығынан сұрау алынып үлгерілген. Белгілі болғандай, жоғалған ұшақ капитаны әйелінен де сұрау алынатын болып шешілген. Тергеушілер, екі апта ішінде әліптің артын бағып, кейбір мәліметті кейінірек хабарлауға уағдаласқан.Алайда АҚШ федералды тергеу бюросы (ФТБ) агенттерін малайлық әріптестерінің жайбасарлығы қанағаттандырмаса керек. Олар Шахтың әйелін сұрақтың астына алып, капитанның психологиялық жағынан денінің саулығы туралы ақпаратты тезірек алуды талап етуде. БАҚ мәліметінше ерлі-зайыптылар сәл бұрынырақта ажырасқанымен, соңғы уақыттарда бірге тұрып жатқаны және олардың үш баласы бар екені белгілі болған. Қалай болмасын әзірге жоғалған ұшақ құпиясы шешілерде табыларда емес.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше