Өлең

Өлең – ақын, өлең – шабыт, өлең – ұйқас,
Өлең – батыр, жорыққанда өрен айқас.
Өлең – дос, пенделікке рух берген
Өлең асыл құндылық, өлең – шайқас.

Өлең саған ақыл берер данаң болар.
Өлең – сырлас, қиындықта панаң болар.
Өлең – алтын, сарқылмас қазынамыз,
Өлең – білім, таусылсаң санаң болар.

Өлең – тіл, байлығымыз дара тұлға,
Өлең – патша, біріншілер санатында.
Қара халық басына іс түскенде
Осы өлең хан алдына баратында.

Өлең – ән, жүректерден орын алған,
Өлең – шешен, көсемдерді орып алған.
Өлең тылсым дүние түсінгенге,
Өлең – тұлпар, жүйріктердің жолын алған.

Өлең – кітап, жинағы парақтардың,
Өлең – пенде, куәсі сұрақтардың.
Құдіретін өлеңнің түсінсе деп,
Осы өлеңмен өздеріңе сыр ақтардым.

Самат Жүзбергенов
01.12.2013 ж.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше