Білікті мамандардың ордасы, білімді жастардың қолдаушысы еңселі мекен - Көк Орда

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» — халық мақалы.
Оқушылық ой кезең.
Арман қуған оқушылық сәт. Нағыз ойлардың жетегі. Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Балалық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнынды таба білу емес пе?
Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші, біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен бастап нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіңе лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Міне, өсе келе осындай ойлардың жетегінде келген мен, оқушылық кезеңімен қоштасар сәтімде білімді жалғастыру ордасын іздей бастадым. Жасыратыны жоқ қаншама жоғарғы оқу орындары туралы көптеген ақпарат жинақтасам да, туып өскен жерімде орналасқан құтты ордадан артығын таба алмайтыныма көзім жеткендей болды. Әрине ол – қазіргі таңда көптеген мемлекеттермен ірі байланыс жасап, профессорлық, оқытушылық құрамын нығайтқан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. Аталған университет көп деңгейлі жоғарғы білім беру бакаловриат, магистратура және асперантура құрамына өткен. Сонау 1976 жылдардан бері тарихи орда болып қалыптасқан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің негізгі тәрбиесі студенттерді білім нәрімен сусындату болып табылады. Осындай белестерменен дамып келе жатырған университеттің жағдайын құлақпен естіп, көзбен көргеннен соң алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған жақсы деген атаулы ой қалыптасты.
Міне, мендегі осындай қадамдардан соң Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіннің студенті болу оқушылық санамда қалыптасты. Қалыптасқан ойлардан нәтиже шығаруды мақсат тұтқан мен, ақырындап алған бағытыма қарай қадам басуды мақсат етіп, болашақ мұғалім болуға ерекше назар аудардым. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мәселен, мен таңдаған, яғни ұстаздықты алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім болмасын тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртін қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын. Сондықтан мен ұстаз мамандығын тандадым.
Міне мендегі мақсат осылай қалыптасты.

Мақсатқа жету жорлындағы ұстазға деген көзқарас.
Негізі ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу екінің қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп қой. Ешкім де ұстаз болуға аса ұмтылмайды. Ұстаздар да өз қызметін дұрыс атқара бермейді. Деседе көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ осы күнге дейін түйгенімді айтып отырмын. Пір тұтқан ұстаздарымыздың кетік қылықтарын көргенде оған деген құрметің де, жылы сөзің де бәсеңдейді екен. Бірақ, «Осындай ұстазым бар, менің!» — деп ауыз толтырып, үлкен мақтанышпен айтатын ұстаздарымда бар-ақ. Оларға деген сыйластығым да ерекше. Әр кез демеп, ақыл-кеңесін аямайтын сондай жандардың барына мың шүкір. Өз қызметін міндетсінбей, адал атқаратын олардың алдына бас ие бергің келеді.

Университет және мен.
Қазіргі таңда аталған университеттің үлгілі де белсенді студенттерінің бірі ретінде мен өзімнің білім алып, тәрбиесін бойыма сіңіріп жатырған университетімдегі осындай ұстаздарымменен қашанда мақтана аламын. Себебі мен, бұл университетке түсуді алдыма мақсат етіп жүрген сәттерімнің өзінде де осындай құтты ордада менің ойымдағыдай ұлағатты ұстаздардың барын білген едім. Міне, енді өзімде аталған университеттегі білікті мамандардың бел ортасында білім деңгейімді шыңдаудамын. Шыңдала жүріп мақсат еткен арманыма нық қадам жасау үшін белсенді түрде еңбек етудемін.
Мен болашақта осы кәделі кәсіптің етегін ұстаған мұғалім боламын. Білім ғана бермей, оқушыларды үлкен өмірге дайындайтын ұстаз боламын.
Бұл менің асқақ арманым, болашағым…

Университет мәртебесі.
Осында оқып, білім алып жүргеніме бүгін де үш жылдың қадамы болыпты. Бармақтай ғана қысқа уақыттың ішінде университет тарапынан Республикалық жастар форумдары мен жастар следтарына және де пікір талас сайыстарына да шығып үлгердім. Бұл менің ғана айтарым. Университет студенттерінің халықаралық дәрежедегі белестеріде аз еместі. Бұлда университетіміздің Республикалық және халықаралық дәрежедегі жетістіктері деп ойлаймын.
Студенттік кезеңдерімді өткеріп, өмірлік тәжірибе жинақтап жатырған киелі мекеніміздің нақ төрінде орналасқан университет мен үшін өте ыстық және мәртебесі биік. Сондай-ақ мәртебелі оқу ордамыз барлық студенттер үшінде беделді болары анық. Қазақтарға мақтанған емес мақтаған жарасады демекші, аталған университеттің студенті ретінде мен қашанда білімі мен тәрбиесін бойыма сіңіріп жатырған оқу ордамызды мақтан тұтамын!
Білікті мамандардың ордасы, білімді жастардың қолдаушысы «Көк Ордамыз» жасай берсін!

Самат Жүзбергенов
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше