АЗ-дың күші аз емес
Нидерланды – қызғалдақ өсіруден ғана емес, футбол жұлдыздарын түлетуден де шежіресі бай ел. Кройф, ван Бастен, Гуллит, Райкард, Бергкамп, Клюйверт секілді кешегі аңыз футболшыларын айтпағанда, Роббен, Снейдер, ван Перси бастаған әлем футболының бүгінгі саңлақтары жетіп-артылады. Теңбіл доппен аты шыққан осы елдің футбол клубтарының бірі – АЗ (Алкмаар Занстрек).
АЗ командасы біздің «Шахтерден» тоғыз жыл кейін, яғни 1967 жылы құрылған. Үйдегі матчтарын өткізетін алаңының сыйымдылығы да аса үлкен емес. Стадионға бар болғаны 17023 адам ғана кіре алады. Жетістіктері жайлы айтсақ, Голландияның екі дүркін чемпионы. Сондай-ақ төрт рет ел кубогында жеңіске жетіп, бір рет УЕФА кубогының финалына дейін жеткен.
Алкмаар қаласы клубының ең алғашқы жұлдызды кезеңі өткен ғасырдың 70-80-жылдарымен тұспа-тұс келді. Алғашқы жүлдесін, яғни ел кубогын 1978 жылы ұтты. Арада үш жыл өткенде, «алтын дубль» жасады. Нидерланды чемпионаты мен кубогын қатар ұтты. Сол жылы АЗ дәл бабында болған еді. Тіпті УЕФА кубогының финалына дейін жетті. Өкінішке орай, ақтық сында ағылшынның «Ипсвич Таун» командасынан ойсырай ұтылды.
Ал екінші чемпиондығына 2009 жылы қол жеткізді. Ол кезде команданың тізгіні атақты бапкер Луи ван Галдың қолында болатын. Бұл маман төрт жылдың ішінде «Алкмаарды» жоғары деңгейге көтерді. Кейіннен ван Гал кеткен соң, команда төмен сырғи бастады.
2010 жылы Еуропа лигасының електік додасының плей-офф кезеңінде осы АЗ біздің «Ақтөбемен» кездесті. Сырт алаңда Муханов шәкірттері 0:2 есебімен жеңіліп қалса, өз жерімізде нағыз еуропалық ойын үлгісін көрсетті. Дегенмен қос ойын қорытындысы бойынша Нидерланды командасы топтық кезеңге өткен болатын.
Енді кезек «Шахтерге» келіп отыр. Біз үшін бұл матч өте маңызды. Өйткені «Шахтер» топтық кезеңде әлі жеңіске жеткен жоқ. Сондықтан Кумыковтың командасына сын сағаты туып тұр. Өткен турда Астанада «Маккабиді» 2:0 есебімен ұтып тұрып, екінші таймда екі гол жіберген едік. Сол турда АЗ бен ПАОК та тең түсті. Екі турдан кейін АЗ бен ПАОК төрт ұпай көш бастап келе жатыр. «Маккаби» мен «Шахтерде» – бір ұпайдан ғана.
Тағы бір айта кетерлігі, жақында Нидерланды клубының бас бапкері ауысты. Жаңа бапкердің есімі – Дик Адвокат. Футбол әлемінде аса танымал, беделі жоғары маман. Соңғы жылдары «Зенит», ПСВ клубтарын, сондай-ақ Ресей құрамасын жаттықтырған болатын.
Дәл қазір Адвокаттың «Шахтерге» қарсы қандай тактика дайындап отырғаны беймәлім. Белгілісі – Астанаға 22 ойыншысын ертіп келіп отыр.
қақпашылар – Эстебан Альварадо, Ив де Винтер, Хоби Верхюлст;
қорғаушылар – Маттиас Юханссон, Дирк Марселлис, Ник Виргевер, Этьенн Райнен, Джеффри Гаувелеув, Ян Вейтенс, Ридгесиано Хапс;
жартылай қорғаушылар – Неманья Гудель, Вилли Овертом, Маартен Мартенс, Виктор Эльм, Маркус Хенриксен, Сельсо Ортис;
шабуылшылар – Йохан Гудмундссон, Арон Йоханссон, Рой Бееренс, Фернандо Льюис, Денни Авдич, Стивен Бергхейс.

Пікір жоқ әзірше