Әзіл. Біздің Әтош

Біздің Әтош 9 жаста. Денесі толық, қара торы. Кезінде түскі аста бір қой етін жейтін атасына тартып өсіп келе жатқан деседі. Жазғы мектеп оқуының демалыс кезінде қонаққа Алматыға барыпты. Ауылдың баласы үйде отыра алмай, үйдің ауласына шығып жүре беріпті. Бірақ, бірге ойнайтын бала таппапты. Бірде өзі жалғыз ауланы кезіп келе жатса, телевизордан көріп жүрген Жамбыл атты ақын балаға ұқсас баланы көреді. Қуанып кетіп:
-Сен Жамбылсың ба?, -дегенде, әлгі бала бірдеңе деп орысша жауап беріпті. Әтөш жақын келіп, орысша болсын сұрап білмекші болып балаға беттейді (көзін жеткізу үшін). Әлгі бала оның жақындап келе жатқанын көріп қаша жөнеледі. Әтөш артынан жүгіріп келеді. Әбден ентігіп шаршаған соң, бетіңдегі тер тамшыларын алақанымен ысырып тастап, ойланып тұрып қалады да:
-Жамбыл қазақша сөйлейді деп атам айтқан еді- сол кезде санын қолмен сарт еткізіп:
-Эх, -деп жүре беріпті. Орысша сөйлеген баланың артынан текке қуып жүргіргенін түсініпті. Сөйтіп қаладан жолдас таба алмай, Әтөш ауылға қайтыпты.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше