Өз-өзіңді жақсы көре тұра неге өз-өзіңе жамандық жасайсың?

Өзіңді қатты жақсы көремін деймісің? Киімдеріңді үтіктеп киесің. Интернетті қолдануды білесің. Сүйіктім деп біреуді махаббат қуасың. Боянасың. Әдеміленесің. Себесің себетіндеріңді. Қысқасы, өзің үшін нәпсің қалап тұрған нәрсенің барлығын жасайсың. Осының бәрі, қарап тұрсаң, жақсылық секілді өзіңе жасалып жатқан. Бірақ, ақиқатында, сен өзіңе жамандық жасап жатсың. Киімге, тамаққа келгенде, қалай болса солай киініп, тамақтанбайсың. Бірақ қалай болса солай сөйлейсің да. Тәкаппарлық болса жолдасың. Кішіпейілділікті буындырып өлтіргенсің. Өзіңді соншалықты жақсы көрсең, Аллаға құлшылық қылар едің, ата-анаңа қызмет жасар едің, ұлтыңа, салт-дәстүріңе, тіліңе түкірмес едің. Өзіңді жақсы көрмегендіктен, ертең опық жейсің. Ойлан, балам! Өмір деген өтпелі! Бұл өмірге кімдер келіп, кетпеді? — деген де бар. Айтпаса сөздің атасы өледі…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше