Нельсон Мандела: "Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді."
ОАР-ның бұрынғы президенті, 94 жаста, Йоханнесбург
Мен жайлы бір адам: «Туғанында ол Ролихлахла-«қалтылдаған ағаш» деген есімді иеленді, кейін Нельсон Манделаға айналып, әлемді солқылдатты» депті. Менен құдай-адам жасамақ болатын әрекеттерді ұнатпаймын. Мені де «өз әлсіздіктері бар Мандела» ретінде білгендерін қалаймын.
Менің елімде, алдымен түрмеге отырады, сосын президент болады.
Мен жете ұққан бір нәрсе: Ерлік — қорқыныштың шетте қалып қоюы емес, сол қорқынышты жеңу. Ерлік жасаушы-ештеңеден қорықпайтын адам емес, сол қорқынышымен күресе білетін жан.
Көп дүниелер өзің білек сыбанып кіріспейінше, орындалмастай болып көрінеді.
Африка музыкасының таңғажайып сұлулығы сонда, мұңлы оқиғаны да қуанышты әуенмен жеткізеді. Кедейленіп, жұмысыңнан айырылып, қатырма қағаздан тұрғызылған үйде тұрсаң да музыка саған әрдайым үміт сыйлайды.
Қоғамды өзгерту – оңай, өзіңді өзгерту-қиын.
Түрмеде өткерген 27 жылға алғысым мол, ол жерде ештеңеге алаңдамай, бар ойымды жинақтап алатын едім. Бостандыққа шыға салысымен, бұл мүмкіндіктен айырылдым.
Азаттық — біртұтас, бөлшектеніп, бөлінбейді.
Абақтыда қоқыс жинайтын жұмысты жақсы көретінмін. Кейде-кейде газет қиындылары кездесетін-ді. Түрмеде газет оқуға рұқсат жоқ, сондықтан да ол газет қиындыларын асқан ұқыптылықпен жинап, тазалап, кешкісін камерада оқитынмын. Баспасөзді дәл сол кездегідей қадірлемеген болармын.
Қиындықтар мен ауыртпалықтар кей адамдарды жоқ еткенмен, өзгелерді жаратады.
Адамдар басқаларды терісінің түсі, мекені мен дініне қарап жек көруді бұ дүниеге келгеннен кейін үйренеді. Іштен жек көріп тумайды. Демек, олар жек көруді үйренсе, жақсы көруді де үйрене алады. Өйткені, адам жүрегіне махаббат жақын.
Біз уақытты ақылмен пайдалануға міндеттіміз. Жақсы істі кез — келген минутта бастап кетуге болатынын есте ұстауымыз қажет.
Адаммен түсінетін тілінде сөйлессең, сен оның басымен сөйлесесің. Ал, егер ана тілінде сөйлессең, онда оның жүрегімен тілдесесің.
Ешқашан да сүрінбеу-өмірдегі ең басты мұрат емес. Бастысы, әр ретте қайта көтеріле білу.
Кеше мені террорист деп атады. Түрмеден шыққаннан кейін көп адам, тіпті дұшпандарым да мені мойындады.
АҚШ-әлем үшін қатерлі. Мұны кеудесінде сәулесі жоқ жан да біледі.
Жарқын ойларға ие бас пен жылуға толы жүрек біріксе, айбарлы күшке айналады. Ал егер осыған келіп ащы тіл, не өткір қалам қосылса, өте күшті ысыл пайда болады.
Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді.
Тұрақты түрде жүргізілетін кәдуілгі медициналық тексерулерді жақсы көремін. Әдетте дәрігерлер маған: «Мандела мырза, бұл аптада сіз өлмейсіз» деп айтады
Менің басымнан өткен барша ауыртпалыққа құрметпен қарайсыз деген сеніммен әңгімемізді осымен тәмам етейін.
Түпнұсқа

Пікір жоқ әзірше