LG компаниясының негізгі өнімдері CARBONFREE® сертификатымен марапатталды

сертификатСертификат компанияның қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтындығының дәлелі болып табылады

Тұрмыстық техника мен тұтынушылар электроникасын өндірген кезде көмірсутектерді аз шығаратын LG компаниясының 6 өнімін CarbonFree® сертификатымен марапаттады. Қарқынды жұмыс істеуінің арқасында LG компаниясы қоршаған ортаға зиян келтірмейтін компанияларды бағалайтын, әрі алдыңғы қатарда келе жатқан Carbonfund.org ұйымның Foundation CarbonFree® сертификатын иеленді.

CarbonFree® сертификатымен марапатталған өнімдер: Optimus G смартфоны, OLED-экранды теледидар, кір жуғыш машина, тоңазытқыш пен шаң сорғыш машина және монитор. Өнімдерді сертификаттау кезінде өнімнің өндірілгенінен бастап, жеткізілуі мен пайдалану өмірлік циклы жан-жақты қарастырылды.

«Қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын компания болғандықтан, нарыққа тек энергетикалық тиімді өнімдерді өндіріп шығаруға міндеттіміз. Айта кетерім бұл «спринт» емес «марафон», сондықтан алдымызда ұзақ жол күтіп тұр. Бақытымызға орай біз басын жақсы бастадық»-деп LG компаниясының техника бас директоры д-р Скотт Ан (Dr. Skott Ahn) айтты.

# # #
LG Electronics компаниясы жайлы
LG Electronics-әлемдегі ең үздік компания, әрі нарықтағы тұтынушылар электроникасын, мобильдік байланыс пен тұрмыстық техника мен инновациялық технологияларды құрастырушысы. 2011 жылы әлем бойынша 117 офис болып, LG компаниясының ғаламдық сатылым көлемі 49 млрд. АҚШ долларын құрды (Корей елінің 54,26 трлн. воны). LG компаниясы Home Entertainment, Mobile Communications, Home Appliance және Air Conditioning & Energy Solution деген 4 бөлімшеден тұрып, жайпақ панельді теледидарлар, мобильді құралдар, кондиционерлер, кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштарды шығаруда әлемдегі ең үздік компания болып табылады. LG Electronics компаниясы 2012 ENERGY STAR ® -дың Жылдық Серіптестігі. LG Electronics компаниясы жайлы көбірек жаңалықтар мен мағлұматтармен танысқыңыз келсе www.LG.kz сайтын қарап шығуыңызды өтінеміз.

LG Electronics Home Entertainment компаниясы жайлы
LG Electronics Home Entertainment жайпақ панельді теледидарлар мен аудио-видео плеерлер нарығында тұтынушылар мен бизнес үшін әлем бойынша ең үздік болып табылады. LG Electronics Home Entertainment компаниясы шығаратын тауарлар арасында сұйықкристалды және плазмалы теледидарлар, үй кинотеатры мен Blu-ray плеері, аудио құрылғы мен видео плеерлар бар. Компания көп функционалді және жоғарғы дәрежелі техникалық құрылғыларды шығару арқылы үйде уақытты қызықты өткізудің жаңа деңгейіне алып келді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше