Өмір алып поезд

«Өмір алып поезд». Адамдар сол поездағы жолаушылар. Уақыт бір бағыттағы шойын жол. Ол поездың алғашқы бекеті-Перзентхана, соңғы бекеті-Қабір. Ал адамның ниеті поездға алынған жолаушы билеті. Қарап тұрсаңыз шынайы поездға билет алуға адам таңдау жасайды,қалтасының қалыңдығына немесе өз ыңғайына қарай, адам билетті купеге алса өзімен өзі жайлы, ыңғайлы жол жүреді.Ортақ орынға алған адамның басқалармен әңгіме дүкен құрып уақытты қызықты өткізгеніне қарамастан шудан мазасы кетіп шаршаңқырайды. Ал жолдан жолсерікке ақшасын беріп билетсіз мінген жолаушының жайын айтпасада белгілі көп жол жүретін адамдар көріп те жүрген болар. Сол сияқты өмір поездна да билет алу адамның өз таңдауында бір айырмашылығы өмір поездының билеті адамның материалдық жағдайын талап етпейді тек рухани құндылықтарына қарайды. Аққа Құдай жақ дегендей ниеті жақсы адам бұл өмірде жұртқа сыйлы, тіршілігі түзу тыныш өмір сүреді. Ал, істеген әрекеттерімен, жұртқа жасаған қиянаттарымен бәріне жеккөрінішті болған адамның ниетіне қарай бәрі алдынан шығып отыратынын, бұл дүниеден өтіп кетседе біраз уақыт артынан жаман сөз еретінін өмір тәжірибемізден көріп жүрміз. Сондықтанда бәрі өз қолымызда ойланайық ағайын. Өмір поездінің VIP купесінен орын алуға асығайық!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше