Алыстап кеткен арманым.
Қатар өскен бәйшешектей құлпырып,
Жүруші едік зор бақытқа ұмтылып.
Сол күндердің естелігі ретінде,
Жатыр міне жүрегіме жыр тұнып.
Ұмыта алмай алаулаған сезімді,
Жүрген кезде серік етіп төзімді,
«Қолыма алып суретіңмен сырласам»,-
Дегеніңде ет жүрегім езілді.
Алыстасың, оған көңіл сенбейді,
Өткен күндер қайта айналып келмейді.
Таңшолпаным, сені ойлап сағынғанда,
Тұла бойды бір сағыныш тербейді.
Үмітімді жалғай берем арманға,
Арман жоқ қой орындалмас жалғанда.
Хордың қызы су құйса да қолыма,
Бұл өмірде саған жетер жан барма?..
Марат Нигметжанов
Жүруші едік зор бақытқа ұмтылып.
Сол күндердің естелігі ретінде,
Жатыр міне жүрегіме жыр тұнып.
Ұмыта алмай алаулаған сезімді,
Жүрген кезде серік етіп төзімді,
«Қолыма алып суретіңмен сырласам»,-
Дегеніңде ет жүрегім езілді.
Алыстасың, оған көңіл сенбейді,
Өткен күндер қайта айналып келмейді.
Таңшолпаным, сені ойлап сағынғанда,
Тұла бойды бір сағыныш тербейді.
Үмітімді жалғай берем арманға,
Арман жоқ қой орындалмас жалғанда.
Хордың қызы су құйса да қолыма,
Бұл өмірде саған жетер жан барма?..
Марат Нигметжанов
Пікір жоқ әзірше