Театр немесе Теңдік!
Әр адам өзінің теңін, серігін іздейді бұл өмірде. Және әр адамның өзінің идеалы болады. Ол идеал адам – әдемі, тәртіпті, жаман қылықсыз және әрқашан да қызықты болу керек. Бірақ, неге біз бастапқыда жақсы деп кездестірген адамымыз ойымыздағыдай болмай шығады.
Өйткені бастапқыда әрқайсысы актер болады, яғни өзіне берілген рөлін ойнайды. Өзінің жаман жақтарын жасырып жақсы қырларын көрсеткілері келеді, негізінде ондай бола тұрмай, бір сөзбен айтқанда ұнағылары келеді. Сөйтіп, көбісі керісінше кемшіліктерімен қосылудың орнына, артықшылықтарымен санасады, бірақ кейін, Бауыржан — шоуда айтылғандай «штор ашылады».
Ұлы Шекспирдің өзі кезінде осы бойынша әзілдеген:
«Менің қай кемшілігіме ғашық болдың?» – деп сұрайды Бенедикт. «Барлығына бірдей» — деп жауап береді Беатриче. «Әйелдердің азғантай кемшілігін кешірмейтін еркектер, керісінше олардың артықшылықтарынан айырылады», деген екен Д. Х. Джебран. Және осы айтылған сөз тек еркектерге ғана емес, әйелдерге де қатысты.
Қорытынды: адамдар кемшіліктерімен қосылу керек. Адамды өзгертуге болады, бірақ ол оңай емес, моральдық жағынан, ота арқылы дегендей… Егер сізге серігіңіздің бір жері ұнамаса, оны оның артықшылығы немесе ерекшелігі деп қабылдауыңыз керек. «в этом моя вся прелесть» дегендей бір шут.
Сосын «сүйгенді сүй» деген сөз бар. Бір қызығы, адам жалғыз бола тұра, оған назар аударып отырған адамды менсінбейді, керісінше оны менсінбей тұрған адамға назар аударады. Бірақ уақыт өткеннен кейін өкініш пайда болады. Жалғыздыққа тағы бір себеп, адамның өзін білмеуі шынында кім екенін. Өйткені ол қарапайым бола тұра, миында өзін әдемі, бір актер/актриса сипатында қабылдайды. Шетел киноларды аз қарау керек. Миы, ойы АҚШ-та, Францияда, Италияда, бірақ өзі Қазақстанда. Фильмдерде көрген әдемі, денелі, сымбатты, адамдарын идеал қояды, өзіміздің генотипімізді ескермей. Тіпті кейбіреулері еуропиоид болуға тырмысады, бірақ бұл басқа тақырып, «Градусы» айтқандай «но не об этом щас». Былай айтқанда өзін алдау болып шығады.
Сосын, бағасын жоғары қоятын адамдар распродажамен кетіп қалып жатады. Мысалға: саудаға қымбат деп қойылған тауар ұзақ уақыт бойы өтпей, ақыр соңында распродажамен өтеді. Өйткені, оған дұрыс баға қойылған жоқ. Адамдармен де дәл солай. Сондықтан распродажаға түспейік. Бұл — өмірдің үлкен театр екенінің тағы бір дәлелі және тең деген сөз бекерден бекер айтылмаған.

Пікір жоқ әзірше