Ипотека несиесі клиенттерін жоғалтуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз өкілдігінің хабарлауынша елімізде ипотекалық несие түрі біраз төмендеген. Яғни халықтың осы несие қаржысын алу деңгейі нашарлауда деген сөз.
2012 жылдың қаңтар айында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің «Несие нарығының қазіргі жағдайымен болжамдары» деген кезекті кварталдық есебін жариялады.
«Банктердің 13% ипотекалық несиелердің беруілуін жеңілдеткенімен, халықтың осы несиеге деген сұранысы жоғарламады. Бұл өз кезегінде, әлі де болса банктердің бастапқы жарна мен пайыздық үстемеақысының жоғарғы деңгейде тұрғанын көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық банктің жұма күнгі берген ақпараттарынан көруге болады.Your text to link...
Ал тұтыну несиесі өз кезегінде 48% ға артқан… Жеке тұлғалар банктерден несие алуды әлде қайда бастап кетті.

«Банктердің 33% ипотекалық несиенің артқанын көрсетсе, 43% сұраныс деңгейінің сол қалпында қалғанын айтқан », — Ұлттық банк есебінде көрсетілген.
Негізгі тұтыну несиесі өз кезегінде тұрмыстық техникалар алуға, саяхат жасауға және оқу үшін алынған болып бөлінген.

«2011 жылдың IV кварталында банктердің 30% тұтыну несиесі бойынша несие саясатын сәл жеңілдетті. Бұлар ол саясатты: клиенттер базасының ұлғайуы үшін, несие беру коммиссиясын алмау үшін, картачкадағы несиені шешу үшін коммиссядан бас тарту сияқты іс әрекеттерге бара білді», — делінген Ұлттық Банк есебінде.
10 ақпан 2012 Ұлттық Банк
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше