Алдар Көсе жылы
Биыл Алдар Көсенің жұлдызды шағы болды десек болады. Ертегі кейіпкерлерінің ішінде ең танымалысы Алдар болған шығар. Сонымен, биыл:
«ХІ ғасырдағы Алдар көсенің бастан кешкендері»
Керекинфода бұл туралы бір-екі пост та жазылды.
Комедия деп түсірген картиналары бірінші уикендте-ақ прокаттағы бәсекелестікке шыдай алмай, сәтсіздікке ұшырады. Қателеспесем, прокаттан мерзімінен бұрын алынып тасталды. ХХІ ғасырға тап болған Алдар Көсе ешкімді қызықтыра қоймаған сияқты. Оның үстіне промо-акциясы да тым мардымсыз болды.
«Алдар Көсе» телесериалы
Көсенің тағы бір реанкарнациясы «Ел арнада» жалғасты (мүмкін әлі көрсетіліп жатыр). Сәтті деуге тағы келмейді. Диалогтар жасанды, актерлердің ойындары сылбыр. Оқиғалар тартымды емес, күлкілі сәттері көңілсіз. Бұл жерде де жоба авторлары Алдарды ХХІ ғасырға «зорлықпен» алып келгісі келген (Алдар Көсені біздің заманымызға әкелу сәнге айналғаны ма сонда?!). Бірақ оның ертегі әлеміндегі өмірін де тамашалай аламыз. Очм, біресе заманауи өмірді, біресе көне дәуірді көрсететін қойыртпақ сериал.
«Алдар Көсенің көңілді оқиғалары»
Бұл — «AZIA ANIMATION» студиясының анимациялық көп сериялы туындысы. Бөлімдері бірнеше минутты ғана құрайды. Сондықтан мини-сериал десек қателеспеспіз. Жаңылмасам, «Балапан» арнасында көрсетеді. Бұны да шедевр демес едім. Дыбысталуы үйлеспейді. Бәрі тым жасанды. Графикалық көркемдігі тым төмен анимация. Бұны да аса танымалдылыққа ие болды деу қиын.
Аталған фильмдерді бір реттік дүниелер деуге болады. Бұлар экраннан бір рет көрсетіледі, келесі жылы оны ешкім де ойына алмайды. Мүмкін, торренттен таратылар — бұл олар үшін өмірлеріндегі ең үлкен жетістік болмақ.
Осы орайда кино жасаушыларға Алдар Көсе секілді танымал кейіпкерге боқ жаға бермей, қолға алған істі барынша сапалы, әрі өз деңгейінде (жоғары деңгей деп айтпай-ақ қояйын) жасауға тырыссаңыздар екен деген өтініш бар.

Пікір жоқ әзірше