Осы орыстың оппозициясын көрсең, әуесің келеді...
Жаңаөзенде кінәлісі бар, кінәсізі бар, әйтеуір ондаған адам қырылды. Ресми дерек 14 адам өлді дейді. Оған сенім жоқ. Ешқандай үкімет өзінің қатысы бар оқиғадағы өлім мен жаралылар санын тура айтпайды. Бұл әлемнің демократиялы деген елдерінде де барынша жасырып-жабуға тырысатын әрекеттердің бірі емес пе?! Бірақ ол жақта үкіметтің арты ашылып қалады. Журналистер мен тәуелсіз сарапшылар тіміскілеп жүріп таппайтынды тауып алады. Ал бізде басқаша.
Куәгерлерге сілтеме жасаған оппозициялық және шетелдік БАҚ 50-70 адамның өлгенін айтып жатыр. Оларға да сенім жоқ. Қанша адамның өлгенін сіз бен біз біле алмайтын да шығармыз. Ақпарат майданында соғыс қызып тұр. Сенімнен жұрдай болған арналар мен газеттерге, мейлі ол мемлекеттік немесе оппозициялық болсын, ел сене бермейді.
Адамдар өлді, жараланды, бұзақылар қаланы бүлдірді. Тәртіп сақшылары аяқтарынан тік тұрды. Халыққа да, оларға да тыныш ұйқы жоқ. Берекесі кеткен қала. Қайғы жамылған отбасылар. Жағдай осыншама қиын әрі күрделі болып тұрса да халықтың тырнақтай сенімі мен қолдауына ие емес оппозиция жағдайды одан сайын ушықтырып жатыр. Барлығы қазіргі билікті кінәлап, президент пен үкіметтің отставкаға кетуін талап етеді. Осындайда "Оу, айналайын арзан ұпай жинаған саясаткерлер! Қазір кімнің кетуін, кімнің келуін ойлап отыратын уақыт емес. Биліктің де сендердің де оңып тұрғандарың шамалы. Ел басына ауыр күн туғанда араздықтарыңды ушықтырмай, бірауыздан келісімге келіңдер немесе тыныш отырыңдар! Ауыздарыңа келгенді айтып, жағдайды ушықтырмаңдар!" дейтін елдің сыйлы ақсақалы жоқ па, немесе сөзі өтер жібі түзу саясаткер жоқ па дерсің елде. Қиын қыстау кезеңде билік пен оппозиция болып тартысу берекелі іс емес. Ел мүддесі үшін саяси ұстанымдарын уақытша жиыстырып қойса қайтер екен? Билікпен тартысатын уақыт жетеді ел тынышталса.
Осы орыстың баласын көрсең, әуесің келеді...
деуші еді қазақ отбасында. Бұл мысалды үлкен саясатта қолданса да болады. Ресейде де оппозиция бар. Олар біздегі оппозициядай осал емес. Бірақ оларда сабыр мен ақыл бар. Ресей мен орыс халқының мүддесі үшін саяси қарсыластарымен уақытша болса да коалицияға бірігуге, жеке саяси мүдделерінен бас тартуға дайын тұрады. Сондықтан біздегі беделсіз, саяси арзан ұпай жинауға әуес, «Нұр Отанды» жамандаса да соның аудандық бөлімшесінің істегеніндей түкқызық істерді істеуге шамасы келмейтін аса құрметсіз оппозициялық партиялар мен саяси ұйымдардың алауыздық танытып жатқандығын көріп, ресейлік оппозицияға әуесің келеді екен.
Ең маңызды мәселе болып тұрған азалы елдің тыныштығы мен арандатушылардың табылуы болып тұрған шақта бүйректен сирақ шығармауға тырысқан абзал. Осы орайде президент кеңесшісі Ертісбаевтың айтқан сөздеріне құлақ асудың көмегі болар деп үміттенемін.
P.S.
satibaldi , саясатпен Саясат Бақтыгереевич айналысып жатыр деген сенімдемін. Меніңкі тек азаматтық көзқарас еді. Саяси салмағы жоқ.

Пікір жоқ әзірше