Өнерлі бала

Қолдарында себет бар үш әйел базардан келе жатып, дем алу үшін жол шетіндегі ұзын бір орындыққа отырып, балалары жайында әңгіме айта бастады. Бірінші әйел, ұлының өте шымыр екенің, яғни қолымен жүре алатындығын айтады. Екінші әйел, бұлбұл үнді ұлының әніне бүкіл жұрттың құмар екендігін айтады. Ал үшінші әйел, тек тыңдап отырған еді. Одан неге сөйлемей отырғанын сұрағандарында:
-Менің баламның ешқандай өнері жоқ,-деді.
Осы айтылған әңгімелерге құлақ түріп отырған бір қария кісі әйелдердің соңынан жүрді. Көше басында әйелдер себеттерін жерге қойып, талған қолдары мен ауырған белдерін жаза бастады. Шешелерін көрген балалары жүгіріп келді. Бірінші әйелдің баласы, бірнеше рет ауада айналып секіріп (сальто жасап), сосын қолымен жүріп кетті. Екінші әйелдің баласы, бір тастың үстіне отыра кетіп, шешесінің жақсы көретін әңдерінің бірін айта бастады. Әйелдер оған мәз болып, шапалақ ұрды. Ал үшінші әйелдің баласы:
-Саған көмектесейін, анашым,-деп себеттеріне қол созды.
Әйелдер жандарынан өтіп бара жатқан қария кісіден, балаларының өнерлері қалай екендігін сұрады.
-Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол — анау, анасына көмекке келген бала. Ол Пайғамбарымыздың мына бір хадисіне лайықты іс атқарды,-деп хадисті айтты.
Бүкіл адам баласына аналарына көмектесуді кеңес етемін.
Бөлісу:

1 пікір