Күмбез тәрізді үй: үнемдеуден комфортқа

Күмбез тәрізді үйге заманында «болашақтың үйі болады» деген болжам жасаған. Бұл болжам орындалды. Бірнеше әлемнің үздік елдерінде осындай үйлерде тұру заманауи модаға айналды. Киіз үйімізге ұқсас үйлер қазір әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Сәулет өнерінің білгіштері ата-бабамыз тұрған үйдің мәні мен сәнін ұғып бағуда.

Жылы, жарық, қолайлы…
Мұндай үйлердің басты қасиеттерінің бірі энергияны үнемдеу. Күмбезді таңдай отырып, біз үйді жылытуға аз масрап жұмсаймыз. Энергетикалық балансқа жетеміз: үйдің іші қыста жылы жазда салқын. Күмбездің ішіндегі ауа тезірек жылиды, себебі ол жерде ауа 20-30% азырақ, жылу бірқалыпты таралады.

Үйдің аумағы 100% қолданылады.

Үйдің пайдалы аумағы ең эффектив жартылай сфера конструкцияларда қолданылады. Онымен салыстырғанда тіктөртбұрыш үйлердің 40-60% аумағы дұрыс қолданылмайды.

Қолайсыз ауа-райынан қорықпайсыз.

Күмбез-үйдің аэродинамикалық қасиеті ерекше. Оның домалақ пішініне жел әсер ете алмайды, және де сейсмикалық аудандарға бейім.

Уақыт пен ақша аз кетеді.
Минус 15-20% материал және 30-40% құрылыс жұмыстары. Бұл конструкция тез жиналады. Мысалға, 2-қабатты диаметрі 8 м үйді екі адам 3 күнде құрастыра алады.

Өз қолыңмен салу мүмкіншілігі
Өз қолыңмен қала сыртындағы үйің немесе одан да «қиын» конструкцияларды салу оп-оңай.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше