Бір жаққа

Тұқылындай шала тұтанған шылымның,
Бір өкініш өртеп отыр өзекті.
Өңі неге сұрғылт тартып гүлімнің,
Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті.
Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті,
Біреу келіп сипайтындай басынан.
Ессіз сезім еркектерді ез етті…
Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан…
Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан,
«Сүйем» деген сөздің бәә-рін ұмытып.
Қыздан емес, өз-өзімнен шошынам,
… тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк!
… тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк,
Сұлулардың көптігіне мастанып,
Бірін сүйіп, екіншісін ұмытып,
Үшіншісін… лақтырып тастадық…
Үшіншісін лақтырып тастадық,
Сұлу біткен шашылғандай көшеде.
Жүрегімнің Мұз жастығын жастанып,
Төртіншісін Құрбан қылдым кеше де…
Төртіншісін құрбан қылып кеше де,
Қинамастан, қиналмастан жылаттым.
… тап қай күні және сағат нешеде..?
Жылатады, мені Сұлу, бірақ… кім?

Жылатады, мені Сұлу, бірақ… кім?
Өтінемін ол хақында сұрама!
Жауабы жоқ, үтір, нүкте, сұрақпын,
Енді мені ұмыт, мүлде сынама…
Енді менен ештеңе де сұрама.
Мұңнын табын жұлып алшы, көзіңнен.
Өтінемін күл, бірақ та жылама,
Өкінішті әкетейін өзіммен…
… бір жаққа…
Бөлісу:

1 пікір