Ана қабырғаның шегесі...

Екі жынды қабырғаға шеге қағу үстінде. Біреуі шегені беріп тұр, екіншісі қағып тұр. Бір кезде шегені беріп тұрғаны шегенің ұш жағынан ұстап беріпті. Анау қалпағын қабырғаға қаратып ұстап тұрыпты да «Мына шеге ана қабырғаның шегесі екен» депті.
***
БІр көкеміз отырыстарда арақтан артығырақ сілтеп жіберетін көрінеді. Өз нормасынан асыңқыраған кезде жеңгеміз столдың астына түсіп кетіп бір нәскиін шешіп ала қоятын болыпты. Осы белгіден соң ағамыз татып алмайды екен. Әйтеуір бір жиында ағамыз арақтан тартынбапты. Өз стаканындағын, көршісінің стаканындағын, маңайындағылардың стаканындағын қағып салып отырыпты. Жеңгеміз шыдай алмай, стол астына кіріп кетіп нәскиін шешпек болады. Қанша әуреленсе де шеше алмапты. Сонда ағамыздың айтқаны дейді "Қатын, сен әуре болмай-ақ қой, мен бүгін калготки киіп келгенмін".
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше