ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне» әдемі тарту «Өсімдіктер әлемі» атты әдістемелік кешенінің тұсаукесеріне шақырамыз!

“Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір- қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз”.

(Президент Н.Ә.Назарбаев)

Мақсаты:

Жас ұрпақтың бойына қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру,өсімдік әлеміне деген қызығушылығын арттыру, насихаттау. Жасөспірімдерді табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Гүл арқылы қаланың, тіпті күллі мемлекеттің көркемділігі, дамығандығы, өркениеттілігі байқалатынын ескерсек, әрбір мектеп, балабақша ауласы гүлзарлармен безендіріліп тұрса, онда жеріміз гүлденер еді.

2011 жылғы 21 ақпандағы №21 бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бекітілген Мемлекеттік стандартқа сәйкес пәндерге қосымша пайдалануға болатын «Өсімдіктер әлемі »оқу-әдістемелік кешені — балабақша бүлдіршінінен бастап, ұлағатты ұстаздар мен гүл сүйер қауымға дейін қолдануға арналған. Авторы Республикамыздың белгілі гүл танушысы, «Білім меценаты-2008» күміс медалінің иегері, республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның жылдар бойы жинақталған тәжірибесі негізінде гүлдерді тану мақсатында құрастырылған.


Өтетін уақыты: 19 тамызда 2011 ж. сағат 10:00
Шақырылғандар: Алматы қаласы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 200 басшылары., бұқаралық ақпараттары құралдарының тілшілері.
Өтетін орны: Хан-Тәңірі ықшам ауданы, 131. Алма-Арасан трассасы әл-Фараби және Новои көшелерінің қиылысынан 4 км.жоғары (Орбитадан 28 маршрут жүреді).

«Тілек тас» мейрамханасы, «Гүлстан» конференц-залы

Байланыс: Құлжабаева Гөзел Әліпбек қызы 8 (272)2691544, 2691079.

ұялы телефон 8 – 701-799-66-11, e-mail:gulstan08@mail.ru

Батима Кабдолданова: 8 (272) 2691536, 2691530, ұялы телефон 8 — 701-784-17-14, e-mail:gulzar08@mail.ru

Қатысу үшін 18.08.2011. сағат 18:00-ге дейін хабарласуларыңызды сұраймыз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше