RealPlayer немесе Инеттен видео жүктеу

Өзіме ең оңайы осы — RealPlayer. Бұл — өз басына бір шолғыш болып табылады. Құр өзін ашып, сол жердегі адрес жазатын жерге кез-келген сайттың мекен-жайын жазып, кіре беруге болады.


Сонымен қатар, кез-келген шолғышпен де тіл табысқан (бұл енді өзінің пайдасына). Бұл программамен Ютубтан ғана емес, кез-келген сайттан, кез-келген видеоны жүктеуге болады. Мысалы, шолғышты ашып, бір видеоны қосып, түртінекті (моусты) сол видеоның үстіне апарсаң, видеоның үстінде (оң жақ бұрышында) Download this video деген батырма пайда болады. (Суретті қара)



Соған басып, save this video as дегенді таңдап, сақтайсыз. (Әдетте downloads папкасына сақтайды. Бірақ жолды өзіміз де бере аламыз.)
RealPlayer-дың басқа да функциялары көп деп ойлаймын. Өзім жүктеу функциясынан басқасын қолданбағандықтан, білмеймін.

RealPlayer-ды мына жерден жүктеп алуға болады: www.real.com/realplayer.
Бөлісу:

1 пікір